Сіздерді Қорғаныс министрлігі жеке құрамының атынан және өз атымнан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – азаттық жолында күрескен ұлт батырларын ұлықтайтын күн, мемлекетіміздің бостандығы мен еркіндігінің нышаны! Қазақ халқы талай ауыр сынақтарды, аштық пен қуғын-сүргінді басынан кешірді, қаншама нәубеттен аман қалып, елдігін сақтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн» деді.
Халқымыз ұлттық құндылықтарды, тілді, тарих пен мәдениетті қайта жаңғыртуда талай сыннан өтті. Бұл ата-бабаларымыз армандаған азаттық пен тәуелсіздік жолы.
1991 жылдан бастап осы күнге дейін Қазақстан болашағын бағамдап, армандарын жүзеге асыруда.
Бүгінде бәріміз Қазақстанның қауіпсіздік, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық, білім және ғылым саласындағы халықаралық қоғамдастықпен интеграциялануға ұмтылысын айғақтайтын шынайы тарихи оқиғалардың куәсіміз.
Елдегі болып жатқан өзгерістер мемлекетіміздің болашағы елдің мықты, қарқынды дамуынан, бәсекеге қабілетінен және халықаралық беделінен көрінуде. Осы жолда әрқайсымыз аянбай еңбек етуіміз керек.
Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауда Қарулы Күштер қауіпсіздікті сақтаудың кепілі.
Бүгінде Қарулы Күштер жауынгерлік құрамды кезең-кезеңімен нығайтуға жұмыс істеп жатыр. Жоғарғы Бас Қолбасшының тапсырмасымен құрылған Арнайы операциялар күштері қарқынды дамып келеді. Жалпы әскери, әскери-теңіз және авиациялық құралымдарды күшейтуге, барлау-жауынгерлік және әскери-көлік әлеуетін, оған қоса артиллерия мен ӘШҚҚ әскерлерінің мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған кешенді ұйымдастыру шаралары да өткізілді. Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіне енгізілген аумақтық әскерлер де жетіліп келеді.
Жеткен жетістіктеріміз де баршылық, алайда алда алар асу, бағындырар шың да көп. Әлем алдында елімізді өркендеп келе жатқан мемлекет, Қазақстан халқын ынтымағы жарасқан ел ретінде таныттық.
Осындай ұлы мереке күні Қарулы Күштердің барлық жеке құрамына, барлық отандастарға зор денсаулық, ырыс-ынтымақ және ашық аспан тілеймін!
Уважаемые солдаты и сержанты, офицеры и генералы!
Дорогие соотечественники!
Примите от меня лично и личного состава Министерства обороны искренние и сердечные поздравления по случаю празднования Дня Независимости Республики Казахстан!
Этот праздник по праву является днем памяти наших национальных героев, внесших значительный вклад в обретение независимости, символом свободы и могущества нашего государства! Казахи прошли череду тяжелых испытаний, голод и репрессии, но они выстояли и сохранили себя.
Как отметил наш Президент Касым-Жомарт Токаев: «16 декабря – великая дата в истории нашей страны. Она символизирует воплощенную в реальность мечту предков о суверенном государстве».
Наш народ прошел долгую и тернистую дорогу к возрождению национальных ценностей, языка, истории и культуры. Это путь к свободе и самостоятельности, о которой мечтали наши предки.
С 1991 года и по сей день Казахстан стремительно мчится вперед, воплощая мечты в реальность.
На сегодняшний день все мы являемся свидетелями поистине исторических событий, свидетельствующих о стремлении Казахстана к интеграции с международным сообществом в области безопасности, экономического и гуманитарного сотрудничества, в сфере образования и науки.
Все преобразования в стране вселяют оптимизм и уверенность казахстанцев в будущем нашего государства как сильного, динамично развивающегося, конкурентоспособного и имеющего международный авторитет.
В защите суверенитета и территориальной целостности Республики Казахстан особая роль отведена Вооруженным Силам, как гаранту сохранения безопасности.
Сегодня Вооруженные Силы работают над поэтапным наращиванием боевого состава. По поручению Верховного Главнокомандующего в приоритетном порядке развиваются Силы специальных операций. Проведены комплексные организационные мероприятия, направленные на усиление общевойскового, военно-морского и авиационного компонентов, увеличение разведывательно-боевого и военно-транспортного потенциала, а также возможностей артиллерии и войск ПВО. Развиваются территориальные войска, которые также включены в общую систему обеспечения военной безопасности государства.
Мы многого достигли и еще много вершин предстоит покорить нашей Родине. Мы доказали всему миру, что Казахстан сумел стать Родиной для многих национальностей, объединили народ Казахстана в одно целое, сплотили и повысили уровень его толерантности.
В этот знаменательный день желаю всему личному составу Вооруженных Сил, всем соотечественникам крепкого здоровья, благополучия и мирного неба над головой!
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
генерал-полковник Р.Жақсылықов