«Жас сарбаз» атанды

Аягөз гарнизонындағы 10810 әскери бөлімінің мәдени демалыс орталығында қаладағы №6 мектептің 5-сынып оқушылары «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының қатарына өту үшін ант қабылдады.

Админ

20-ға жуық тәрбиеленуші Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға уәде берді. Қонақтардың қолынан «Жас сарбаз» ұйымының тәрбиеленушісі екендігін растайтын куәлік алды. Сөз сөйлегендер «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының мақсаты – өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, олардың Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, сонымен қатар әскери-патриоттық клубтар жасөспірімдерді ҚР Қарулы Күштеріне деген құрметін арттырып, әскери борышты өтеуге үндейтінін, әскерге дайындауға жігерлендіретінін айтты.

   Ант қабылдау рәсіміне Ауғанстан соғысының және ҚР Қарулы Күштер ардагерлері, Аягөз аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің қызметкерлері, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрғали Әзімбаев, мектеп директоры Жанар Сапакова және 10810 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары – штаб бастығы Асылбек Унтаков жүрекжарды лебіздерін білдірді. «Сіздерді «Жас сарбаздың» қатарына қосылуларыңызбен құттықтаймын! Отанымыз – Қазақстан Республикасының белді де беделді азаматтары, еліміздің патриоттары болыңыздар!», - деді Ауған соғысының ардагері Айтын Арқабаев.

   Әскери бөлім мен мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумы аясында өткен салтанатты шара көркемөнерпаздардың және «Әйгерім» би тобының мерекелік концертіне ұласты.

 

Алуа ИСКАКОВА

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30