Қарулы Күштердің қатарына қосылды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге келген 400-ге жуық сарбаз ант қабылдады.
Админ

Қарулы Күштердің қатарына іліккен жігіттер еліміздің 12  аймағынан жиналғанын айта кеткен орынды. Салтанатты жиынға әскерилер мен ата-аналар және қала тұрғындары қатысты.

– Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған сарбаздар бізге бір ай бұрын келді. Осы уақыт ішінде олар әскери тәртіппен танысып үлгерді. Бүгін сарбаздар ант қабылдауда. Олардың елге қызмет ететін бір жыл уақытында бар білгенімізді, әскери ұрыс тактикаларын, қару-жарақ ұстауды толық үйрететін боламыз. Біздің әскери бөлімге келген сарбаздар Отан алдындағы борышын абыроймен атқарады деп сенемін, - деді Халық қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөлімі командирі полковник Азамат Абикенов.

Айтулы шараға қатысқан ата-аналар қауымы ерекше сезімде болды. Ал жас сарбаздар бір ай ішінде меңгерген әскери ұрыс тәсілдерін, саптық жүрістерін паш етіп, жоғары деңгей көрсете білді.

– Алдағы бір жыл ішінде балам темірдей тәртіпке бағынып, әскери өмірдің қызығы мен қиындығына тез бейімделетініне сенемін. Ол Отан қорғау деген міндетті абыроймен атқарады деп сенемін, - деді жас сарбаздың анасы Дауренбекова Эмира. 

Облыс орталығында ант берген 400-ге жуық сарбаздың жетпіске жуығы шығыс өңірінің тумалары.

– Бүгін Отан алдында ант қабылдадым. Бұл салтанатты шара жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын. Осы бір ай уақыт ішінде сержанттар мен офицерлер бізге әскери өмірді үйретуде, - деді жас сарбаз Ақжол Түгел.

 

Өскемен гарнизоны баспасөз қызметі

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30