Қарағанды гарнизоны жас сарбаздармен толықты

  «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 36352 әскери бөліміне Тараз өңірінен 25 жас сарбаз келіп, олар бір ай бойы жас жауынгерлер курсынан өтеді.

Админ

Курс аяқталғаннан кейін мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар әскери ант қабылдайды. Жас сарбаздардың келуіне орай әскери қызметке қажетті барлық жағдайлар жасалған: оқу-жаттығу базасы дайындалып, арнайы әкімшілік тағайындалған. Әкімшілік құрамына тәжірибелі офицерлер мен сержанттар енгізіліп, олар жас сарбаздардың жаңа ортаға бейімделуіне көмектеседі және әскери істің негіздерін үйретеді. Сарбаздар әскери істің негіздерін меңгеріп, дәлдік, күш және төзімділік секілді қасиеттерін шыңдайды. Сонымен қатар, олар өз білімін жетілдіріп, дағдылары мен шеберліктерін дамытуға мүмкіндік алады. Жас сарбаздарды оқыту барысында олардың білім деңгейіне, мамандығына, мінез-құлқына және іскерлік қасиеттеріне ерекше назар аударылады.

   – Қарағандыға бара жатқанда аздап қобалжу болды, бірақ басшылық құраммен танысқан соң бұл толқу басылды. Біз келгеннен кейін толық қамтамасыз етілдік. Тіс щеткасынан бастап, жаңа төсек-орынға дейін бәрін берді. Ас мәзірінде бірінші, екінші тағамдар, жеміс-жидектер, айран, сүт, бал секілді азық-түлік бар, сондықтан тамақ жағынан ешқандай қиындық жоқ. Мен шақырту бойынша келдім, бұған дейін кез келген жұмыс істегенмін. Елге қызмет ету парызым деп шештім, - дейді қатардағы сарбаз Мирас Оразхан.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 17:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 16:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 16:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 10:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 10:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 18:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 12:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02