Балқаш қаласында батырдың ізі қалған

Сонау Ұлы Отан соғысының (1941-1945 жж.) аяқталуына нүкте қояр тұста Жеңіс туын гитлерлік неміс басқыншыларының берілмес қорғаны саналған Рейхстагқа ең алғашқы болып қадаған, қазақтан шыққан ержүрек батыр Рақымжан Қошқарбаевтың өмірбаянына зер салсақ, соғысқа дейін Балқаш қаласында болғанына көз жеткізе аламыз. Бала Рақымжан 4 жасында анасынан айырылып, әкесі қуғын-сүргіннің құрығына іліккеннен кейін Тайтөбедегі балалар үйінде тәрбиеленеді. Сол балалар үйінде жүріп, жеті жылдық білімді меңгерген бозбала шақтағы Рақымжан Балқаш мыс зауытының жанынан ашылған фабрика-зауыт шәкірттері мектебіне оқуға түседі. Осы білім ошағында өзі таңдаған кәсібін меңгере жүріп, әскери істің негіздерін де жетілдіре түседі. Сонымен қатар, өнерге де ден қойған өнерпаз Рақымжан мектеп оркестрінде өнер көрсетіп, домбыра және мандолин музыкалық аспаптарын жетік меңгерген екен.

Админ

Осы ретте айтарымыз, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай, Қарағанды облысы білім басқармасының «Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында «Ер есімі – ел есінде» атты іс-шара болып өтті. Батыр атындағы білім ошағында электр газбен дәнекерлеуші, құрылыс жұмыстарының шебері, автомобиль жөндеу слесарі, кран машинисі және электр монтері мамандықтарымен көптеген студенттер білім алып келеді.

    Алдымен, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға бір минуттық үнсіздік жарияланды. Іс-шараның ашылу слтанатында қадірменді меймандар жиналған көпшілік алдында құттықтау сөз сөйледі. Биік мінберге көтерілген Балқаш қаласының тұрғыны Жақсылық Дакенов ақсақал өзінің кішкентай балалық шағында батырдың тізесінде отырып, одан өнегелі тәрбие алғандығын тебірене жеткізді. Көп жасаған 79 жастағы Жақсылық ақсақал өз сөзін: «...Мен Жеңіс туын тіккен, қаһарман Рақымжан Қошқарбаевты өз көзіммен көріп өскендіктен болар, оның сұрапыл соғыс жылдарындағы қарсы шыққан жауынан еш тайсалмастан жасаған ерлігіне басымды иемін, батылдығына жоғары баға беремін және есімін құрмет тұтамын!» - деп түйіндеді. Өздерінің жылы лебіздерін білдіргендердің арасында Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы Ержан Ескендірұлы Казиханов пен «Балқаш өңірі» аймақтық қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Қуандық Мақсұтұлы Саденов болды.

    Салтанатты іс-шара барысында барша жиналғандардың қатысуымен білім ошағының алдындағы Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың құрметіне бекітілген ескерткіш тақтаның алдына гүл шоқтары қойылды. Аталған ескерткіш тақтада «Рақымжан Қошқарбаев 1938 жылы осы оқу орнында дәріс алған» деген жазу бар.

    Іс-шара бағдарламасының кезегімен барлық қатысушылар білім мекемесінің екінші қабатындағы Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлік жолына арналған мұражай табалдырығын аттады. Мұражай төрінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Жетпісбаева Гүлсара Қанағатқызы жиналғандарға мұражайдағы Рақымжан Қошқарбаевқа тиесілі құнды жәдігерлерді көрсетіп, сақталған  фотосуреттермен таныстырды.

    Келесі кезекте колледж ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақтың дара батыры» тақырыбындағы кездесу кеші болып өтті. Жылы жүзді кездесуді Қарағанды облысының білім басқармасының «Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Жәмила Тезекбаева ашып берді. Лауазымды басшы Жәмила Қанатбекқызы: «...Даңқты  батырдың есіміне берілген білім беру ұжымында  қызмет ету – мен және менің әріптестерім үшін, сонымен қатар білім алушылар үшін үлкен мәртебе!» - деп көкейіндегі ойын тебірене жеткізді. Кездесуге қатысқан Жақсылық Дакенов ақсақал студенттерге балалық шағында батырдың көз алдында есейгенін баяндап берсе, Балқаш қаласының тұрғыны Бижамбек Мейрамқұл Зәкенұлы студенттік шағында әке аманатын орындау мақсатымен, Рақымжан Қошқарбаевты Алматы қаласына іздеп барғанын айтып берді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар қатарынан сөз алған «Балқаш өңірі» аймақтық қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы Қуандық Саденов еліміздегі өскелең ұрпақты отаншылдық сезімде тәрбиелеуде қарсы келген дұшпанынан қаймықпаған, қорқу дегенді сезбеген, оқ пен оттың астында жанындағы қарулас досы Григорий Булатовпен бірге қаншама шақырымды жер бауырлап өтіп, Рейхстагқа Жеңіс туын алғаш қадаған Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың өмірі мен жүріп өткен ерлік жолынан үлгі алуға болатындығын жеткізді.

    Кездесу барысында колледж студенттерінің ұйымдастыруымен, көрермендерге Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстагқа Жеңіс туын жеткізген сәтінен шағын қойылым көрсетілді. Қазақтан шыққан батыр Рақымжанның рөлін колледж студенті Диас Тайкен сомдаса, Рақымжанның қарулас досы Г.Булатовтың рөлін колледж студенті Санжар Қасымжанов тамаша орындап шықты. Осы шағын қойылымды көрсетуде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Әлібаева Райхан Баймұхатқызы асқан белсенділік таныта білді. Кездесуге колледж студенттерінен бөлек, Балқаш қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары да тартылды.

    Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты іс-шараның мәресінде колледждегі әскери жетекші және алғашқы әскери дайындығы пәнінің оқытушысы Қалабаев Талғат Исағалиұлының басқаруымен студенттер арасында әскери сайыс түрлерінен жарыс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара қонақтары Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған әскери сайыс түріне қазылық етіп, әділ бағаларын берді. Тартысты сайыста жеңіске жеткен студенттер тұғыр биігіне көтеріліп, салтанатты түрде марапатталды.

     Іс-шараға 53898 әскери бөлімі командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Нұрбол Сапарбаев, 44803-Б әскери бөлімі командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант Нұрсұлтан Айдар және 31765 әскери бөлімінің психологы лейтенант Мерей Сүлейменов қатысты.

 

Тілек КЕНЖЕБЕКОВ

  

      

 

 

          

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскери бөлімнің құрылған күні атап өтілді

Бүгін, 11:20
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРГЕ БЕЙІМДЕЛІП ЖАТЫР

Кеше, 12:19
  • Басты назарда

Алғашқы атыс жаттығулары

02/12/2024 - 15:17
  • Басты назарда

Балқаш қаласында батырдың ізі қалған

30/11/2024 - 15:58
  • Басты назарда

Қарағандыда батырлар аллеясы ашылды

30/11/2024 - 10:57
  • Басты назарда

Әскери тәртіп жайы қаралды

29/11/2024 - 10:52
  • Басты назарда

ТӘРБИЕШІ-ОФИЦЕРЛЕР БАСҚОСУЫ

28/11/2024 - 16:47
  • Басты назарда

Командирлік дайындық пысықталды

28/11/2024 - 14:51
  • Басты назарда

Сарбаздар өз тәжірибелерімен бөлісті

28/11/2024 - 11:46
  • Басты назарда

«Балдәурен» орталығына аттанды

28/11/2024 - 10:50
  • Басты назарда

Әскери бөліммен етене танысты

27/11/2024 - 15:44
  • Басты назарда

Біз – Жеңіс жолының жалғаушысымыз!

27/11/2024 - 13:59
  • Басты назарда

Техниканың дайындығы тексерілді

26/11/2024 - 15:53