Командирлік дайындық пысықталды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің батальон (дивизион) командирлерінің қатысуымен командирлік дайындық жөнінде үш күндік жиын өтті.
Админ

Ол ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы бұйрығымен бекітілген командирлік даярлық бағдарламасына сәйкес жүзеге асты. Негізінен жаңа 2025 оқу жылындағы практикалық сабақтар жеткізілді. Қазіргі соғыс пен қарулы қақтығыстардың түр-сипатына қарай күннен күнге жетілдіріліп жатқан атыс, барлау мен қадағалау құралдары, арнайы әскери операциялардың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлері, қорғаныстың жауынгерлік қимылдары жан-жақты талқыланды. Алыс-жақын шет мемлекеттердегі қазіргі жауынгерлік қимылдар пішіндерінің жаңа тәжірибесін жауынгерлік әзірлік сабақтарында қолдану қажеттілігі де негізге алынды.  

   Жиынның қорытындысында АК-74 қаруынан 4-ші атыс жаттығуын 40398 әскери бөлімінен капитан Қазыбек Қаныбек (96 балл), 27943 әскери бөлімінен майор Нұрсұлтан Иманғали (94 балл) және 28738 әскери бөлімінен майор Мақсат Асқаров (93 балл) үздік орындады. Дене дайындығы нормативтерін орындаудан 27943 әскери бөлімінен майор А.Манеш (450 балл), 27943 әскери бөлімінен подполковник А.Жакежанов (428 балл) және 44793 әскери бөлімінен майор Д.Кожиракаев (368 балл) топ жарды. Әскери топографиядан құрамында майор Е.Әбішев, майор Ә.Секербек, майор Н.Кенжебай (10810 әскери бөлімі) бар топ азимуттың бағытымен жүруден, сондай-ақ, майор Н.Серікбол (28738 әскери бөлімі) координаттарды анықтаудан алдына жан салмады.

   Батальон (дивизион) командирлерінің тәжірибелік шеберлігі мен кәсіби дайындығының деңгейін арттыруды көздеген жиынға әскери бөлім командирлері мен олардың орынбасарлары да қатысты.

 

 

Алуа Искакова

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02