Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды көпшілік оқырманға, ертеңгі ел тізгінін ұстар жас жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз оқырманына таныстырып, табыстырушы өзіндік тұлға, ол – кітапханашы. 

Админ

Қазіргі таңда барлық адамзаттың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі –  білімді ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие мен білім егіз ұғым десек, жан-жақты білім мен тәрбие беретін мәдени орындарының бірі – әскери колледждің кітапханасы. Бүгінде білім ордасының кітапханасы кітаппен қамтамасыз етумен шектелмейді, ол қоғамдық-мәдени орталық, өйткені мектеп кітапханасы – жаңа ақпараттық білім орталығы және сол оқу орнындағы білімге ұмтылған жас ұрпақтың, ұстаздардың табылар жері.

Кітапханашылар мен педагогтардың алдында тұрған міндет – XXI ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымына жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық  қоғам тіршілігіне әзірлеу. Оқырмандар алдында кітапханашы бүкіл еліміздің кітапханалары өкілі ретінде жауаптылығын, міндетін жүзеге асырады. Сонымен қатар кітапханашы оқырманның талап-тілектерін қанағаттандырып, оқумен тәрбиелеп, қажет болған жағдайда тиімді шешімдерді қабылдауды үйретеді. Жас ұрпақтың бойында партиоттық, отансүйгіштік, адамгершілік, әділдік, бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыруда кітапханашылардың атқаратын еңбектері орасан зор. Тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, патриоттық рухта тәрбиелеу – заман талабы. Патриоттық тәрбие алған жас ұрпақ өзінің өмірдегі орнына сын көзбен қарауға үйренетін болады.

Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда. Оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты, білімді, парасатты кітапханашылардың атқаратын үлесі мол.      

Кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз, өйткені тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де содан табамыз. Сондықтан да, Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж кітапханашылары, білімнің бастауы кітап дей отырып, кітап мәртебесін көтерумен бірге, елімізде болып жатқан әрбір оқиғаның насихатшысы ретінде аянбай еңбек етіп келеді. Әскери колледж кітапханашылары кітап қорын сақтап, оны насихаттап және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектеліп қоймай, ұландарға патриоттық бағытта тәрбие беру үшін, жоспар бойынша атаулы күндерге кітап көрмелерін жасап, белгілі жазушылармен, қоғам қайраткерлерімен, Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесу ұйымдастырып, атаулы күндерге, мерейтой иегерлеріне арналған іс-шаралар  өткізіп келеді.

 

Айкен Оспанқұлова,

ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындағы әскери колледж                                                                                                                                                            

қызметкері

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55