Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

Арыс қалалық Орталық мұражайы ішінен 44859 әскери бөлім аумағындағы оқ-дәрілерді залалсыздандырумен айналысатын инженерлік-саперлік батальон құрметіне арнайы бұрыш ашылды. Мұндағы мақсат қауіпті оқ-дәрілерді залалсыздандыру жұмыстарын атқарып жүрген әскери қызметшілердің ерен еңбегін мәңгілікке ұлықтау және ұрпаққа үлгі ету мақсатында қолға алынды.

Админ

Ашылу салтанатына ҚР Қарулы Күштері инженерлік әскерлері департаментінің бастығы, полковник Руслан Жансейтов, қала әкімінің орынбасары Алмаз Сұлтанов, «Айбын» әскери-патриоттық клубының жас сарбаздары және әскерилер мен қала тұрғындары, сала ардагерлері мен қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың туыстары қатысты.

Іс-шарада сөз алған полковник Руслан Жансейтов ел үшін жан қиған сарбаздардың ерлігін еске алу мақсатында ұйымдастырылған бұл бұрыштың ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

– Батырлармен қоштассақ та, олар мәңгі есте қалады. Мұражайға келген әрбір қонақ біздің саперлеріміздің табандылығы мен адалдығының дәлелі болатын бірегей экспонаттарға жақын таныса алады. Біздің мысал өскелең ұрпақтың арасында әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіріп, олардың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз, - деді полковник Жансейтов.

Музейге аумақты саперлық батальонның қолданған құрылғылары, снаряд түрлері және жауынгерлердің қызмет барысындағы фотосуреттері қойылған. Сонымен қатар ерлікпен қаза тапқан сарбаздардың өмірбаяндарымен танысуға мүмкіндік бар.

Осы ашылу салтанатының бір бөлімі ретінде батальон арнайы көрме ұйымдастырды. Мұнда келген қонақтар саперлар қолданатын күнделікті құрал-саймандарды көріп, олардың қалай қолданылатынын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

Кеше, 14:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03