Модульді казарма ашылды

ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің 31767 «Б» әскери бөлімінде модульді казарманың ашылу салтанаты болды.  

Админ

ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайрат Сапарбекұлы Даутов, 31767 әскери бөлімінің командирі полковник Орақ Сансызбайұлы Кунабаев және  Приречный ауылдық округінің әкімі Үміт Тұрсынқызы жаңа ғимараттың лентасын қиды. Заманның талабына сай жабдықталған модульді казармада мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер тұрады. 40 адамға арналған бір қабатты ғимараттың іші жылы, кең, жарық. Кезекші бөлмелері, қару-жарақ сақтайтын орын, жауынгерлік әзірлік сыныптары, жататын, демалыс, жуынатын, киім-кешек кептіргіш бөлмелері бар.

   «Бүгін мен 31767 әскери бөлімінің құрылымдарының бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге арналған жаңа модульді казарманың ашылу рәсіміне қатысып тұрмын. Мерзімді қызметке алынатындардың санын көбейтуді және оларды осындай заманауи казармаға орналастыруды жоспарлап отырғандықтан, бұл – біз үшін маңызды шара. Әуе шекарасын күзетудегі міндеттерді орындауда мерзімді қызмет ететін әскерилердің әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету мәселелерінің толықтай шешілгені көңіл қуантады. Осы ретте модульді казарманың салынуына әрі жабдықталуына атсалысқан Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштердің жетекшілігіне қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Биыл 4 казарма салынып, пайдалануға берілді. Оның бірі – позициялық аумағы өте үлкен осы 31767 әскери бөлімі. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдерінде модульді казармалардың құрылысы белгіленген мерзімге сай жүргізіліп жатыр. Дайын болғандары әскери бөлімдерге мерзімді әскери қызметшілерді және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді орналастыру үшін пайдалануға берілуде», - деді ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қайрат Даутов.

   Естеріңізге салайық, 31767 әскери бөлімі Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу секілді төрт бірдей облыстың аумағын қамтиды. 975 шақырымға Қытай Халық Республикасымен, 1 400 шақырымға Ресей Федерациясымен созылған мемлекеттік шекарадағы жауапкершілігі де зор. Бригадаға қарайтын Күршім мен Үшаралдағы жеке радиотехникалық батальон және Павлодар мен Аягөз қалаларындағы, Боран, Тұғыл, Мақаншы елдімекендеріндегі, Достық поселкесіндегі жеке радиолокациялық роталар да бар. 

 

 Алуа Искакова

Суретті түсірген автор

__Последние новости

  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

Кеше, 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22
  • Басты назарда

Әскери борышын өтеуге келді

13/11/2024 - 13:14
  • Басты назарда

Үшжақты меморандумға қол қойылды

12/11/2024 - 11:12
  • Басты назарда

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – ЖАС САРБАЗ

11/11/2024 - 11:09
  • Басты назарда

ФОТОТІЛШІ – ТІЛШІНІҢ СЕНІМДІ СЕРІГІ

08/11/2024 - 15:19
  • Басты назарда

Азаматтық парызын өтеуге аттанды

07/11/2024 - 16:59
  • Басты назарда

Әскери бөлімде оқудан өтті

07/11/2024 - 13:03
  • Басты назарда

Мерзімді әскерге шығарып салды

06/11/2024 - 16:56