Жапон ғалымдары тіс өсіретін дәрі ойлап тапты

Препаратты сынау үшін ең алғаш тышқандарға эксперимент жасалған

Жапон ғалымдары тістің үшінші жиынтығын өсіруге мүмкіндік беретін инновациялық дәрілік зат ойлап тапты. Препараттың клиникалық сынақтары 2024 жылдың шілдесіне жоспарланған. Жалпы пайдалануға 2030 жылы ұсынылуы мүмкін. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі The Mainichi ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ғалымдардың айтуынша, адамның ағзасында тістің үшінші жиынтығының өсуі үшін қажет нәрсенің барлығы бар, бірақ бұл процесс белгілі бір ақуызбен бітеліп қалған.

Препаратты сынау үшін ең алғаш тышқандарға эксперимент жасалған. Ол сәтті аяқталып, дәрі «үшінші буын» тістерінің өсуіне мүмкіндік берген.

«Жаңа тісті өсіру идеясы – әр тіс дәрігерінің арманы. Мен бұл дәріні ойлап шығару туралы идеямды аспирант кезімнен бастап қолға алдым және жүзеге асыра алатыныма сенімді болдым», - деді Осака қаласындағы Китано медициналық институтының жетекші зерттеушісі Катсу Такахаши.

Такахашидің зерттеу тобы ең алдымен тістің өсуін шектейтін USAG-1 ақуызына назар аударған. Бұл ақуыздың қызметін тежеуге қабілетті бейтараптандыратын антидене жасалған. Дәріні қабылдағаннан кейін тышқандарда жаңа тіс шыға бастаған.

Қазір адамдарға арналған препаратты дайындау жұмысы жүріп жатыр. Ең алдымен, мүлдем тісі жоқ адамдарға арналған. Бұл «адентия» деп аталады. Мамандардың айтуынша, болашақта бұл дәрінің қолдану ауқымы кеңеюі мүмкін.

«Тісті емдеу мүмкін болмаған кезде, жұлдырып, тіс протезін немесе имплант орнатуға мәжбүр болады. Үшінші буын тістерін өсіру жағдайды өзгерте алады. Қалай болғанда да, біз алдағы жылдары тісті қалпына келтіретін дәрінің қолжетімді боларынына сенеміз», - дейді Такахаши.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02