Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасын 2024 жылдың күзінде толықтырған жас сарбаздарына әскери дайындықтың бірінші кезеңі басталды. 160 жауынгерлер тәжірибелі бөлімше командирлерінің басшылығымен әскери салада алғашқы қадамдарын жасауда.

Админ

Әскерге шақырылушыларды оқыту әрбір әскери қызметшіге қажетті базалық дағдылар мен білімді қалыптастыруға бағытталған әртүрлі бағдарламаларды қамтиды. Дайындықтың негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік-құқықтық дайындық. Мұнда жас сарбаздар Қарулы Күштерді реттейтін заңнаманың негіздерімен танысады және олардың құқықтары мен міндеттері туралы білім алады.

Медициналық дайындық та маңызды аспектінің бірі болып табылады, мұнда әскерге шақырылушылар далалық жағдайда өмірді сақтап қалуы мүмкін алғашқы медициналық көмек пен медициналық процедуралардың негіздерін үйренеді. Бұл олардың қызмет барысында кездесетін кез келген жағдайларға дайындығын арттыру үшін өте маңызды.

Жалпыәскери жарғылар бойынша сабақтар әскерге шақырылушыларға күн тәртібін және олар орындауы керек жалпы міндеттерді түсінуге көмектеседі. Барлық дәрежелі командирлер өткізетін Қарулы Күштердің тарихы мен дәстүрлері туралы сұхбаттасу да өмірінің жаңа кезеңін бастап жатқан сарбаздарға маңызды мәлімет алуға көмек көрсетеді. Бұл әңгімелесулер әскерге шақырылушыларға олардың қызметінің маңыздылығын түсінуге және әскери қызметшілердің алдыңғы буындарымен байланысты сезінуге көмектеседі.

Әскери ант қабылдағанға дейін әскерге шақырылушылар бірқатар далалық сабақтардан өтеді. Бұл практикалық сабақтарда олар атыс пен қару-жарақ дағдыларын игере отырып, атыс жаттығуларына қатысады. Сонымен қатар, олар оқу гранаталарын лақтыруды үйренеді, бұл оларға жауынгерлік жаттығуларда қажетті сенімділік пен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.

Оқытудың бұл кешенді тәсілі жас әскери қызметшілерді қызметтік міндеттерін орындауға және Отанын қорғауға дайындығын қамтамасыз ете отырып, оларды жан-жақты даярлауға бағытталған. Жас толымды дайындау бағдарламасы қазіргі заманғы Қарулы Күштердің алдында тұрған міндеттерді тиімді шеше алатын кәсіби армияны қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

Кеше, 11:12
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28