Салтанатты сапқа тұрғызылды

Аягөз гарнизонындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметтегі 70-ке жуық сарбазы әскери запасқа шығарылды.

Админ

Өткен жылдың күзінде әскери қызметке шақырылып, Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарған сарбаздар сапқа тұрғызылды. Жауынгерлік дәстүрге сай салтанатты түрде жауынгерлік тумен қоштасты.

   «Бір жылдық әскери қызмет кезінде сарбаздар азды-көпті білім мен тәжірибе жинақтады. Үйлеріне жол тартқан жауынгерлерге мінсіз қызметі үшін алғыс айтамын. Үлкен өмір жолында барлығына сәттілік тілеймін», - деді әскери бөлім командирі подполковник Елдос Жұмашев.

   Шара барысында мерзімді әскери қызметін орындау кезінде ерекше көзге түскен үздік жауынгерлерге білім грантының сертификаттары берілді. Мақтау грамоталары табысталып, кеуделеріне төсбелгі тағылды. Әскери запасқа шығарушылардың ата-аналарына бөлім қолбасшылығының атынан алғыс хаттар да жолданды. Құрылым командирлері де мерзімді қызметін өтеген жауынгерлерге үлгілі қызметтері үшін ризашылықтарын білдірді.

 

Алуа Искакова

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02