Әскерде шыңдалған сарбаздар

Приозерск гарнизонында орналасқан 44841 әскери бөлімінде өздерінің мерзімдік әскери қызметін абыроймен атқарған әскери қызметшілерді запасқа шығару рәсімі болып өтті. Бір қатармен бой түзеген сарбаздарға әскери бөлімнің жеке құрамы зор құрмет көрсетті. Салтанатты шығарып салу рәсіміне 44841 әскери бөлімінің командирі полковник Савальев Дидар Шаймуратович өзі басшылық етті.

Админ

Бір жыл бойы әскери өмірде шыңдалған мерзімдік қызмет әскери қызметшілері көп жылдық тарихы бар әскери ортада берілген тапсырмалар мен қызметтік міндеттерді орындау барысында асқан жауапкершілік таныта білді. Нәтижесінде сарбаздар қатарынан жауынгерлік даярлық пен үлгілі тәртібі үшін қатардағы жауынгер Әбдіқадыр Нұрсейт Пердеханұлы туған еліне қысқа мерзімдік демалысқа барып қайтса, салтанатты жиында Приозерск гарнизонындағы Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы, Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы Тілек Кенжебеков құттықтау сөз сөйлеп, запасқа шығатын сарбаздардың алдағы өмірлеріне ақ жол тіледі. Мінберге көтерілген ардагер аға Тілек Алшымбекұлы: «Сіздер өткен 2023 жылдың қарашасында, яғни, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне 32 жыл толу мерейтойы қарсаңында артиллериялық күштің басты тетігі саналатын 44841 әскери бөлімінің жеке құрамының қатарын толықтырдыңыздар. Көп жылдық тарихы бар әскери ортада шыңдалып, осы сапта тұрған әрбір сарбаз берілген тапсырманы орындау мен әскери қызметтік міндетке адалдық таныта білдіңіздер. Сол үшін барлық запасқа шығатын мерзімдік қызмет әскери қызметшілеріне айтар алғысымыз шексіз! Жолдарыңыз болсын! Аман-есен өздеріңіздің туып-өскен жанұяларыңызға жетулеріңізге шын жүректен тілектеспін!» - деп жүрек тебіренісін жеткізді. Запасқа шығатын мерзімдік қызмет әскери қызметшілерінің атынан сөз сөйлеген қатардағы жауынгер Хузяхметов Тимур Бадилович әскери бөлімнің басшылығы мен тікелей басқарған командирлеріне шексіз алғысын білдіріп, алдағы күндеріне зор табыстар тіледі.


    Марапаттау сәтінде запасқа шығатын сарбаздардың алдыңғы легі «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының атынан келіп түскен Мақтау қағазымен марапаттталса, бірқатар үздік танылған сарбаздар жауынгерлік тудың жанында түскен естелік фотосуретіне ие болып, жалғасын тапқан марапаттау кезінде 44841 әскери бөлімінің командирі Савальев Дидар Шаймуратович жеке құрамның басым көпшілігіне өз атынан дайындаған мақтау қағазы мен Қорғаныс министрлігінің сағаты табыс етті.

Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
Думан Жұмашұлы

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22