Айтулы күндегі іс-шара

31 қазан – әскери байланысшылардың кәсіби мерекесі. «Байланыс барда – жеңіс қолда», Талдықорғандағы 54380 әскери бөлімінің әскери қызметшілері дәл осы ұранды ұстанған.

Админ

Әскери байланысшылардың жұмысы әскерлерге маңызды ақпараттарды жедел сондай-ақ, өз кезегінде жасырын түрде беру болып табылады. Дәл осы күні 1994 жылы Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының байланыс басқармасы құрылған болатын. Бүгінде байланыс әскерлерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр.

     Әскери байланысшылардың кәсіби мерекесі күні әскери бөлімде Ашық есік күні ұйымдастырылып, оған қаланың он мектебінен 350-ге жуық балалар келді.

     Іс-шарада алдымен қонақтарды әскери бөлімді аралатып, ондағы байланыс құрылғыларымен таныстырып, оларды қалай қолдану керектігі және қатар қалай жұмыс жасайтындығы көрсетілді. Сонымен қатар балалар атыс қаруын да қолдарына алып тамашалады.  

– Мұндай Ашық есік күндер болашақ Отан қорғаушылардың тәрбиесіне тигізер үлесі зор, өйткені олардың Отанды құрметтеуге, қорғауға деген сезімдері арта түсетіні сөзсіз, - дейді майор Асхат Оспанов 54380 әскери бөлім командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

     Жоғары әскери тәртіпті орнатуда жеткен жетістіктері үшін, сонымен қатар жауынгерлік және дене даярлығында үлкен жетістіктерге жеткені, өзінің қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде орындаған үздіктерді әскери бөлім командирі полковник Бауыржан Жұмағұлов құттықтап, салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етті.

       Іс-шара соңы көркемөнерпаздардың патриоттық әндерінен концерттік бағдарламамен ұласты.

 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

Кеше, 14:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03