«Жас сарбаз барысы» республикалық турнирі

Республика күніне орай Абай облысының орталығында «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері арасында қазақ күресінен «Жас сарбаз барысы» өтті.

Админ

   Өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ ұлтының арқасүйер патриот жастарын тәрбиелеу, жас спортшылардың шеберліктерін шыңдап, олардың арасында достық қарым-қатынасты нығайтуды көздеген жарыс биыл екінші мәрте ұйымдастырылды. Бақтарын сынауға Абай, Павлодар, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан 21 жас сарбаз келді. Олар алғашқы күні Семейдің тарихи-мәдени орындарын аралап, келесі күні бозкілемге шықты. Ашылу салтанатында сөйлеген «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов нағыз мықтылар жеңсін деген тілегін білдірді.

   Бірнеше сағатқа созылған тартысты турнирдің нәтижесінде арнайы «Үздік техника» номинациясын Астана қаласының палуаны Ержан Нұрмухаммадин, «Жеңіске ұмтылысы» номинациясын Жетісу облысының палуаны Қайсар Бекмұханбетұлы жеңіп алды. Оларға 50 мың теңгеден сыйақы берілді. Павлодар облысының палуаны Теміртас Файзолла турнирдің қола жүлдегері атанып, 100 мың теңге ұтты. Күміс жүлде Павлодар облысынан келген Алмас Рыспековке бұйырды. Ол 150 мың теңге алды. Ал, күш пен әдісін асырып, қарсыластарын талассыз жыққан Абай облысының тумасы Ерасыл Нұрахметов республикалық «Жас сарбаз барысы – 2024» атанды. Турнирдің жеңімпазына 200 мың теңге табысталды. Қатысушылардың барлығына «Абай елі» брендінен арнайы кәдесый берілді.

   «Жыл сайын еліміздің әр өңірінде ең мықты жас сарбаздарды қазақша күрестен жарыстырудағы басты мақсат – төл тарихын білетін, бүгінін бағалайтын, тәуелсіздігімізді көзінің қарашығындай қорғайтын жас өрендерді тәрбиелеу. Былтыр турнирдің жүлдесін Жамбыл облысы, екінші орынды Жетісу облысы, соңғысын Астана қаласы алды. Сәтін салса келесі жылы халықаралық деңгейде өткізу ойда бар. Жалпы балалардың ынтасы керемет, олар тек қана спортшы емес, нақты әскери әдіс-тәсілдерді жақсы меңгерген. Қазіргі таңда «Жас сарбаз» қозғалысы 280 мыңнан астам жасөспірімді қамтиды. Олар 8 мыңнан астам әскери-патриоттық клубтарда, сыныптарда және смарт сарбаз үйірмелерінде тәрбиеленіп жатыр», - деді сұхбат берген «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев.

 

Алуа Искакова

Суреттерді түсірген автор

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22