Аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қалашығы ашылды

Салтанатты сәтте оның лентасын Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев қиды. 

Админ

Аталған рәсім әскери қалашықтың пайдалануға берілген нысандарының толыққанды жұмыс істеуіне бастама болып отыр. Оның аумағында бақылау-өткізу және бақылау-техникалық пункттері, бөлімнің штаб ғимараты, жеке құрамды қабылдау пункті, казармалар, автомобиль техникасына арналған қойма, техника мен мүлікке арналған ангар орналасқан. 

99245 әскери бөлімінің қонақтары жеке құрамды маңызды оқиғамен құттықтап, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған жауынгерлік дайындықта табыс тіледі. 

Басқармада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықовтың және 51051, 41433, 41321 әскери бөлімдері командирлерінің істің ағымдағы ахуалы мен шешуді талап ететін мәселелер туралы баяндамаларын тыңдады.  

Атырау гарнизонына жұмыс сапары барысында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Әскери-теңіз күштерінің корабльдер мен катерлер дивизионын орналастыруға арналған аумақты да қарап шықты. 

Аралаған пунктердің бірі запастағы әскери қызметшілермен жаттығулар мен жиындар өтетін «Қаработан» оқу-жаттығу полигоны болды. Бас штаб бастығына оның инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспары ұсынылды. 

Әскери объектілерді инспекциялау қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жауынгерлік даярлықтың сапасын, әскери объектілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы ұстауды жақсартуға бағытталған бірқатар міндеттер қойды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02