Әскерилердің отбасы мүшелерімен жүздесті

Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясында Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінде көшпелі диалог алаңы ұйымдастырылды.

Админ

Көшпелі диалог алаңында нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және ысырапшылдықтың алдын алу және онымен күресу жөніндегі жүйелі жұмысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінің алдында бес әлеуметтік кеселдін алдын алу жайында сөз қозғады. Қоғамның өзекті мәселесі болып тұрғандықтан, ұрпақ мүддесі үшін бірлесе жұмыс жүргізудің маңыздылығын  баса айтты. Отбасындағы зорлық-зомбылық ретінде бағаланатын іс-әрекеттер мен олардың түрлері, отбасындағы қарым-қатынастың бала психологиясына әсері және тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингтен қорғау шаралары да талқыға түсті. Абай облысы Қоғамдық келісім директоры Надежда Шарова Қазақстандағы этносаралық саясат мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, әскери бөлім тарапынан да сөз алғандар болды. 10810 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бақыт Қашқынбаев пен 10810 әскери бөлімінің тәрбие жөніндегі офицері аға лейтенант Серік Бигожанов әскери қызметшілердің отбасындағы зорлық-зомбылықтың, нашақорлықтың және лудоманияның алдын алу бойынша әскери қызметшілермен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баян етті.

   Шара соңында республикалық көшпелі диалог аланыңда белсенді азаматтық ұстаным мен бірлікті нығайту үшін үлес қосқан белсенділер алғыс хаттармен марапатталды.

 

Алуа Искакова

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59