Жылдық тәжірибе сынға түсті

Биылғы оқу жоспарына сәйкес Қарулы Күштерде жеке құрамды тестілеу және жауынгерлік даярлық пәндерінен сынақ тапсыру қазан айының соңына дейін жалғасады. Оның нәтижелері бойынша бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің деңгейі бағаланатын болады. Сынақты Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері де тапсырды.

Админ

Қарағанды гарнизонында әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, саптық, дене шынықтыру және басқа да даярлық түрлерін қамтитын жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндерінен сынақтар тапсыруда. Әскери топография, жауынгерлік машиналар мен автомобиль техникасын жүргізу дағдыларынан білімдері тексеріліп жатыр. Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері де бұл сынақтан тыс қалмады. Кешенді тексеріс әскери қызметшілер мен бөлімшелерді даярлаудың барлық аспектілерін қамтыды. Қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайы да зерделенуде. Бағынысты құрамаларда жауынгерлік даярлыққа басшылық ету бойынша лауазымды тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру жүйесіне ерекше назар аударылады.

  Бірінші кезеңде саптық жиын өткізілді, онда жеке құрамның сыртқы түріне қойылатын талаптардың сақталуы зерделенді, мемлекеттік-құқықтық пәндер мен жалпыәскери жарғылардан білімі тексерілді. Комиссия жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуын, диверсияға қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін, лауазымды тұлғалардың бағынысты құрамалар мен әскери бөлімдердегі жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы мәселелерін ұйымдастыру сапасын тексерді.

  Қорытынды тексеріс жыл сайын оқу жылының соңында барлық әскери бөлімдерде жүргізіледі. Әр жылда өтетін тестілеу әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен жауынгерлік қабілетін қамтамасыз етуге, бөлімшелердің тиімділігі мен үйлесімділігін арттыруға бағытталған.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55