Жауынгерлерді шығарып салды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінде ҚР Қарулы Күштеріндегі белгіленген мерзімді қызметтерін өткерген жауынгерлерді әскер қатарынан шығарып салу рәсімі өтті. 

Админ

Отан алдындағы мерзімді әскери қызметін абыроймен атқарған жауынгерлерді әскери бөлімнің командирі подполковник Талап Бирбаланов  құттықтады. Ол 2023-2024 жылдар аралығында қызметтік міндеттерін жауапты атқарып, жауынгерлік әзірлік барысында белсенділік танытқан және жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген сарбаздарды мақтау грамотасымен марапаттады. Қатардағы Жандос Жоламан, Бағымжан Ақжігітов, Самат Тұрсыновтың кеудесіне «Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы С.Қ.Нұрмағанбетовтың 100 жыл» төсбелгісін тақты. Қатардағы Самат Турсунов, Диас Құнанбаев, Сейіт Жұмаділ, Махат Ракышев, Ілияс Серікболұлы «Спортшы жауынгер» белгісін алды. Әскери міндетін атқарғандарға қызметтік мінездеме де берілді. Әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеген 8 сарбаз рейтинг нәтижелерінің негізінде оқуға түсуге мүмкіндік беретін ұсыным алды. Ақын сарбаз Бағымжан Ақжігітовке өлеңдерінің топтамасы жарияланған «Сарбаз» газетін естелікке сыйға тартты.

   Сонымен қатар сарбаздардың ата-аналарына бөлім командирінің алғыс хаты да табыс етілді. «Сіздің балаңыз 44736 әскери бөлімінде қызметтік борышын абыроймен атқарып, әріптестерінің жанында сыйлы, тәртіпті сақтай алатын сарбаз ретінде өзін көрсете білді. Сіздерге балаңызға жақсы тәрбие бергендеріңіз үшін үлкен алғыс білдіремін. Отбасыңызға зор денсаулық, құт-береке, бақыт тілеймін!» делінген алғыс хатта.

   Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімі бастығының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі көмекшісі Гүлфат Рафикова бастаған әскери әйелдер де жауынгерлерді әскер қатарынан шығарып салды. Әскерде ана орнына ана бола білген жандарға сарбаздар ризашылықтарын білдіріп, қимастықпен қоштасты. Бөлім командирі подполковник Талап Бирбаланов мерзімді әскери қызметін аяқтағандарды Семейдің теміржол вокзалынан шығарып салды. Оларға сәттілік тілеп, әскердегі бір жылда жинақталған тәжірибенің өмірде дұрыс жол табуға септігін тигізетініне зор сенім білдірді.  

 

   Алуа Искакова

Суреттерді түсірген автор

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02