ЕЛДІГІМІЗДІ АЙҚЫНДАҒАН МЕРЕКЕ

Бәрімізге аян, 1990 жылы мызғымас одақтың іргесі сөгілді. Құрамындағы елдер өз алдына отау тігіп, егемендігін алды. Біздің Қазақстан да тарихи шешімге келді. Сөйтіп осы жылдың 25 қазанында мемлекеттік егемендігі туралы декларациясын қабылдап, тәуелсіздігін жариялады.

Админ

Декларация қабылданды

1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен декларация қабылданды. Онда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланды. Елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды.

Бұл Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашқан маңызды құжат еді.

Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдауымен егемендігін мәлім ететін жеке аумағы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардың дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Мысалы, ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы  басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланған болатын.

Қазақстанның егемендігі және аумағының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектенді. Осы акт арқылы КазКСР өз ішкі әскерін, мемлекеттік қауіпсіздігі пен ішкі істер органдарын, сот билігін құру құқығына ие болды. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет — Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Ал Президент мемлекет басшысы, әкімшілік-атқарушы жоғарғы биліктің басшысы болып танылды. Осы декларацияның арқасында біз кеңестік заңдарды қолданудан бас тартып, өз Ата заңымызды құруға қадам бастық.

Сондықтан осы қағидаттардың негізінде кейінірек – 1991 жылғы 16 желтоқсанда – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.

Бір сөзбен айтқанда, сол кезден бастап Қазақстан егеменді елге айналуының алғышартын бастап кетті. Еліміздің жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Маңызды құжат болды

 

Иә, сөз жоқ, Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуында осы декларация маңызды рөл атқарды. Бірақ жалғыз ол ғана емес, Қазақстанның тәуелсіздігі үшін республика президенті қызметін белгілеу де өте маңызды қадам болды. Және де президент бірден сайланып, қызметіне кірісті. Қазақстанның жаңа тарихындағы бұл (президент қызметін енгізу) маңызды оқиға 1990 жылдың сәуір айында болды. Оның маңыздылығы кейінірек қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларациядан кем болған жоқ.

 Тағы бір айта кетерлігі, сол кездері республиканың атын өзгерту туралы алғашқы ұсыныстар болған екен. Ол жайында 12-ші шақырылған Қазақстан Жоғары Кеңесінің бұрынғы депутаты, декларация жобасын даярлауға қатысушы Александр Перегрин: «Республика атауы туралы ұсыныстар болды, бірақ Декларацияда Қазақ ССР-і деген атау қалды.

Атап айтқанда, президиум мүшесі Виталий Воронов ел атауын – Қазақ Республикасы деп атауды ұсынған-ды. Өкінішке қарай, оның ұсынысы қолдау тапқан жоқ».
Сол сияқты, министрлер кеңесі таратылып, оның орнына жаңадан министрлер кабинетінің құрылғаны Қазақстанның жаңа тарихындағы тағы бір елеулі өзгеріс болды деп есептеймін. Қазақстан орталық билікке жалтақтамастан бұл шешімді жылдам қабылдады. 1990 жылдың күзінде қабылданған «Мемлекеттік билікті нығайту туралы» заңның маңызы да өзгелерінен ешқандай кем емес еді.

 

 

Күнтізбеде болмады

 

Декларация қабылданған күнді ел Республика күні деп ұғынды. Бертінге дейін осы 25 қазан мереке ретінде ретінде тойланып келді. Республика күні Қазақстанда 1992 жылдан бері тойланып келе жатқанымен мемлекеттік мерекелер тізіміне тек 2001 жылы ғана енгізілді. Республика күнін ел 17 рет тойлады. Тек 2009 жылдан бастап бұл күн мемлекеттік деңгейде аталып өтпеді. Өйткені сол кездегі ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылдың сәуір айында қол қойған «Мерекелер туралы» Қазақстанның жаңа заңына Республика күні енген жоқ.

«Ол күнтізбеден неге алынып тасталды екен?» деген сауалға келсек, кей сарапшылардың пікірінше, егемендік туралы декларацияда Қазақстанның емес, ҚазКСР-інің егемендігі жарияланды. Декларацияға сәйкес адамдарда КСРО азаматтығын сақтап қалу құқығы болды.

Сонымен қатар ол Қазақстанның халықаралық қатынастардағы дербестігіне кепілдік бере алған жоқ. Мемлекет КСРО-дан шығуға құқылы болғанымен, іс жүзінде оның құрамында болды.

«Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заң қабылданғаннан кейін ғана Қазақстан әлемдік қоғамдастық мойындаған тәуелсіз мемлекеттің заңды рәсімделген мәртебеге ие болды.

Сөйтіп, «30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды.

 

 

Мереке қайта жаңғырды

 

Дегенмен, уақыт бәріне төреші. Бұл күннің маңыздылығы жөнінде ел Президенті қадап айтты. Нақтылап айтар болсақ, 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды.

«Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның 25-і күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды, тіпті шешуші рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осылайша, сол жылдың қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық мерекеге, ал Тәуелсіздік күні, яғни, 16 желтоқсан – мемлекеттік мерекеге айналды.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Республика күнін мемлекеттік мереке мәртебесіне қайтаруды «маңызды және тарихи шешім» деп атады. «Осы заңға сәйкес 25 қазан – Республика күні мемлекеттік мереке болып бекітіледі. Бұл – тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де осы күннен басталады. Сондықтан бұл күнді мемлекеттік мереке ретінде бекіту мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам болып табылады. Болашақта бұл мереке тәуелсіздікті дәріптеп, нығайтуға септігін тигізеді деп сенеміз» деді Сенат спикері.

P.S. Сөйтіп, Қазақстан халқы кейінгі жылдары қайта жаңғырған мереке – Республика күнін мемлекеттік деңгейде атап өтіп келеді. Мемлекеттігіміз тұғырлы, мәртебесі биік болсын!

                                                                     

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22