Қазақстандық батырларға арналған турнир

Астана қаласының әскери колледжінде Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовты, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевты және қазақстандық шекара батыры Раджан Батырхановты еске алуға арналған волейбол жарысы өтті.

Админ

Раджан Батырханов 1994 жылы 28 қыркүйекте тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыста ерлікпен қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағайдан әскерге барған он тоғыз жасар жігіт шешуші сәтте ұрысты сәтті аяқтап, әріптестерінің өмірін сақтап қалды.


Колледждің оқу роталары арасында волейболдан өткен біріншілікті «Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері» РҚБ Астана филиалының төрағасы запастағы сержант Руслан Әріпжан, бірлестік мүшелері Мұрат Жарекеев, запастағы майор Сәкен Гельманов және «Тәуелсіздік таңы – Желтоқсан» РҚБ төрайымы Ақбөпе Балғымбекова ұйымдастырды.
Ардагерлер осындай іс-шараларды әрдайым өткізіп тұрады. Олар жастарды батырлардың өмір жолымен таныстырып қана қоймай, сол арқылы олардың бойына «патриотизм», «парызға адалдық» және «әскери намыс» сынды ұғымдарды сіңіреді.
Жарыс қорытындысы бойынша 2-ші оқу ротасының волейболшылары жеңіске жетті, ал екінші орынды 3-ші оқу ротасының спортшылары, үшінші орынды 1-ші оқу ротасының спортшылары иеленді.
Жеңімпаз команда ауыспалы кубок иеленді. Жарысқа қатысушылар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, ардагерлер колледж бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Қабылбек Оршыбековтің, жаттықтырушылар – запастағы полковник Серік Балғабековтің, подполковник Ержан Шойбековтің, аға сержанттар Айдарбек Ержановтың және Мұхаият Мәдимұхаметовтың жарыстарды ұйымдастыруға қосқан үлестерін атап өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

Кеше, 14:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03