«Рейхстаг үстіндегі ту»

Осындай тақырыпта Рейхстагқа Жеңіс туын бірінші болып тіккен қазақ батыры, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналып 54835 әскери бөлімінде «Ерлік сабағы» өтті.

Админ

Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернатындағы 71 взводтың 23 оқушысын лицейдің тәрбиеші-офицері подполковник Бақдәулет Шарахметов алып келді. Әскери бөлімге алғаш рет келген балалар ең алдымен бөлімнің жауынгерлік жолы туралы білді. Қазақтың біртуар батыры Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі, армиялық авиация ұшқыштарының өткені мен бүгіні туралы әскери бөлім командирі полковник Азамат Базылов әңгімеледі.

   Әскери бөлім 1944 жылы 14 наурызда Моңғол Халық Республикасының Ундер-Хан қаласында құрылған. Ұрыс қимылдары кезінде жеке құрам барлауға 37 мәрте шығып, 116 жауынгерлік ұшу жасады. Соғыс аяқталған соң әскери бөлімге Одақтың әуе шекарасында жауынгерлік күзетті сапалы жүргізу міндеті жүктелді. Құрылған күннен бастап бөлім 14 рет қайта қаруланды. Ұшқыштар И-16, Як-9, Як-3, Як-17Б, МиГ-15 бис, МиГ-17, МиГ-17ПФ, МиГ-19, Як-25, Як-28, Су-9, Ту-128, Миг-31, МиГ-31б, По-2, Як-9В, Як-25М, Ту-124, МиГ-25, Ми-8 секілді сан түрлі авиация техникасын меңгеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әскери бөлім құрылуы мен ҰОС қатысуы (1944 – 1947 жылдар), Забайкалье әскери округінің құрамында болуы (1947 – 1960 жылдар), Сібір әскери округының құрамында болуы (1960 – 1989 жылдар), Ташкент әуе шабуылына қарсы қорғаныс армиясының құрамында болуы (1989 – 1991 жылдар), ҚР ҚК Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің құрамында болуы (1992 – 1997 жылдар), ҚР Әскери Әуе күштерінің құрамында болуы (01.08.1997 – 31.05.1998), ҚР ӘҚК құрамында болуы (01.06.1998), авиация базасы болып қайта құрылуы (01.06.1999), авиация комендатурасы болып қайта құрылуы (01.11.2002) секілді даму кезеңдерінен өтті.

   «Ерлік сабағында» бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары – бөлім бастығы подполковник Мансур Нұржанов пен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі көмекші, азаматтық персонал Индира Қасымбекқызы әскери бөлімнің бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында мағлұмат берді. «Жас ұландықтар» әскери техникаларды да көрді. Әсіресе ұшқыш-штурмандар таныстырған жауынгерлік тікұшақтар ерекше ұнады. Әуе шебін қорғаушылар тікұшақтарды жүргізу оңай еместігін, қойылатын талап та күшті екенін, сол үшін балалардың осы бастан жақсы оқуы керектігін айтты. Сабақ соңында сұхбат берген баланың әрқайсысы «бала күнімнен алысқа ұшып бара жатқан ұшақтарға қарап, аспанды бағындыруды армандаушы едім, енді әскери ұшқыш боламын» деп жауап қайтарды. Лицей тәрбиеленушілері ұшқыштар дастарханынан да дәм татты.

 

Алуа Искакова

Суреттерді түсірген автор

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30