Қарулы күштерде қорытынды тексеріс жүргізілуде

2024 жылға арналған оқу жоспарына сәйкес жеке құрамды тестілеу және жауынгерлік даярлық пәндерінен сынақтар тапсыру қазан айының соңына дейін жалғасады. Оның нәтижелері бойынша бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетінің деңгейі бағаланатын болады. 

Админ

Қонаев гарнизонында әскери қызметшілер тактикалық, арнайы, атыс, саптық, дене шынықтыру және басқа да даярлық түрлерін қамтитын жауынгерлік даярлықтың негізгі пәндерінен сынақтар тапсыруда. Әскери топография, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, жауынгерлік машиналар мен автомобиль техникасын жүргізу дағдыларынан білімдері тексеріліп жатыр. 

Қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайы да зерделенуде. Бағынысты құрамаларда жауынгерлік даярлыққа басшылық ету бойынша лауазымды тұлғалардың жұмысын ұйымдастыру жүйесіне ерекше назар аударылады. 

– Әрбір әскери қызметші жеке және бөлімше құрамында тек теорияда ғана емес, практикада да емтихан тапсыруы тиіс. Бригаданың әрбір бөлімшесі бағаланады, – деді 32363 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жөніндегі десанттық-шабуылдау батальоны командирінің орынбасары гвардия капитаны Бауыржан Серубаев.

Қарулы күштер Бас штабы комиссиясы Әскери-теңіз күштерінің дайындығын тексерді. Кешенді тексеріс әскери қызметшілер мен бөлімшелерді даярлаудың барлық аспектілерін қамтыды. 

Бірінші кезеңде саптық жиын өткізілді, онда жеке құрамның сыртқы түріне қойылатын талаптардың сақталуы зерделенді, мемлекеттік-құқықтық пәндер мен жалпы әскери жарғылардан білімі тексерілді.  

– Кешенді тексеріс әскери қызметшілердің даярлық деңгейін бағалауға, сондай-ақ Әскери-теңіз күштерінің басқару органдары мен бөлімшелерінің үйлесімділік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді, – деді тексеру басшысы Қорғаныс министрлігі Стратегиялық даму департаментінің аға офицері полковник Жалғас Балабеков.

Комиссия жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуын, диверсияға қарсы қауіпсіздіктің жай-күйін, лауазымды тұлғалардың бағынысты құрамалар мен әскери бөлімдердегі жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы мәселелерін ұйымдастыру сапасын тексерді.

Қорытынды тексеріс жыл сайын оқу жылының соңында барлық әскери бөлімдерде жүргізіледі. Әр жылда өтетін тестілеу әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен жауынгерлік қабілетін қамтамасыз етуге, бөлімшелердің тиімділігі мен үйлесімділігін арттыруға бағытталған.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30