Әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты

Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 44803 әскери бөлімінде Ашық есік күні өтті. Шараға «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің оқушылары қатысты. Бөлім қызметкерлері оқушыларға әскери қызметшілердің күнделікті өмірінің элементтерін көрсетті. Экскурсия Әуе қорғанысы әскерлеріндегі әскери қызметтің барлық аспектілерін қамтыды.

Админ

Іс-шара өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру және жастардың бойында батылдық пен Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Бөлімге келген 60 әскери мектептің оқушысы әскери қызмет атмосферасына бөленді, оларға әскери техника мен киім үлгілері, автопарк пен арнайы құралдар көрсетілді.

Бозбалалардың назарына жауынгерлік қызмет пен Қарулы Күштер дәстүрі, сондай-ақ ата-баба тарихы мен ерлік мұрасы, ұрпақтар сабақтастығы жөнінде ақпарат жеткізілді. Осылайша, әскери қызметке бару жастар үшін есею жолындағы маңызды қадам болды. Олар Отанды қорғау туралы тереңірек түсінік алды және Армияның жауынгерлік қуатын көріп, әскери қызметті құрметтеуге үйренді. Саяхатқа барған оқушылар ата-аналарына болашақта осы бөлімдегі әскери қызметшілер сияқты әскери киім киіп, Отанымыздың әуе кеңістігін қорғайтындықтарын жеткізді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19