Біз де сарбаз болғанбыз: Ескі жүйеде ел қорғадық

Ер адамға Отанды қорғау – міндет. Бәріміз де он сегізге толған шағымызда борышымызды өтеуге әскер қатарына шақырылдық. Сол сәттер әлі көз алдымда.

Админ

Дәл он сегіз жасқа толған күнімде жедел қызмет қатарына шақырылып, Алматы қаласы Әуезов ауданының әскери комиссариатынан анашым және ағам мен әпкем (екеуі де Алматы қаласының студенттері еді) шығарып салды. Ауданнан шыққан автобус бізді осы Алматы қаласы, Калинин ауданының әскери комиссариатында жан-жаққа командамен топтап бағыттау мақсатында жинастырды. Бұл жинақтау орнында Алматы облысының барлық аудандары мен аудандарға қарасты шалғай ауылдардан келген әскерге шақыртылушылар өте көп болды.

Осы күннен екі аптадай бұрын ауылымда жүргенімде Тоқтарбек есімді сыныптасымның (қазір бақилық болған) әскерге шығарып салу кешінде ақ жол тілеп, соңынан қуып жететіндігімді жеткізген болатынмын. Сол сыныптасымды көріп жанына жақындағанымда: «Осы сенің айтқаның шынымен де келіп тұрады», - деп қуанысып қауышқанымыз әлі есімде…

Біз институттан 30 шақты жігіт бірге аттандық. Білмеген жерлердің ой-шұңқыры көп болғанымен де, айдарымыздан жел есіп, өзіміз бір әлемдей болып жүрдік. Елімізден шекара аса бір қаладан шыққан барлығымыз бір үйдің баласындай араласып-құраласып кеттік. Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаласында бізді сақадай-сай көліктермен әскерилер күтіп тұрды. Әскери көліктерге бөліп отырғызып, әскери бөлімнің бақылау өткізу пунктіне жақындай бастағанымызда терезелердің әр жерінен бұрыннан қызмет етуші жауынгерлердің «Асылып қалыңдар!» деген жаман сөздері естіліп жатты.  Бұл – ер-азаматтар арасындағы бұрыннан қалыптасқан өте (Ұлы Отан соғысы кезіндегі түрмеден шығып, соғысқандардан қалған ескіліктің нышаны деп есептеймін ) ескі, нақұрыс сөздер. Осы орайда ойымды айта кетейін, біздің егеменді еліміздің Қарулы Күштерінде қасиетті қазақ халқының асыл, ақылды азаматтары өздерінен кейінгі Отан қорғаушы ізбасарларына жақсы қасиет қалдыруды әдетке айналдырғандары жөн. Оны көңілге алған ешкім болмағанмен де, өзіміз есейе келе сондай түк көрмегендердің жастарға қаратып айтатындарын естіп те жүрдік. Олай айтпа дегенмен де, баршаның аузына қақпақ болу қайда?!

Баршамызды тамақтану алдында жуынуға моншаға алып кіріп, шаштары өскендердің тақырлатып шаштарын алып, моншадан шыға әскери киімдерімізді беріп, өлшемі лайықты етіктерімізді қолымызға ұстатты. Моншаның екінші жағынан тамақтануға саптануға тұрғандағы бір-бірімізге қарап қарқылдап күлгенімізді айтып жеткізудің өзі қызықты жағдай...

Барлығымызда бірыңғай әскери форма, бастарымызда пилоткалар, шаш жоқ. Қызықты көрініс бола қалды. «Отставить разговоры!», «Отставить смех!» тағы да сол сияқты пәрменді дауыстарға құлақтарымыз үйренісе бастады.

Біз келіп түскен оқу-жаттығу полкының бізден екі-үш аптадай бұрынырақ келгендерінің саптық аяқ алыстары жарасымды, ал біздің жүріс тапыр-тұпыр өте күлкілі еді. Тамақтанып шыққан соң оқу роталары мен взводтарға бөліндік. Неше түрлі ұлт өкілдерінің көптігін сонда анық байқаған болатынмын.

Оқу-жаттығу полкында кіші командирлердің алатын орындары ерекше болды. Яғни, сержанттарға офицерлерше қарым-қатынас жасалды. Ары қарай, Монғол Халық Республикасының Дархан станциясында орналасқан әскери бөлімде қызметті жалғастырдым.

Жауынгерлік ту, қару-жарақ және азық-түлік қоймаларын күзетуші қарулы взводта болдым, Барлығы отыз екі ұлт өкілдері: орыс, беларусь, укранн, хакас, башқұрт және мен қазақпын. Ешкандай тәртіп бұзбадым, алғыстар алдым. Елді сағындым. Хат алғанда қуандым. Таза погонмен бардым, таза погонмен елге оралдым.

Ер-азаматтар тобы болған соң, әскерде болып келгендердің әңгімелерінен көп еститіндеріңіз таяқ жеу мен таяқ жегізу де болып жатады. Жасыратыны жоқ, ол кездерде: «Бас жарылса бөріктің астында, қол сынса жеңнің ішінде болды».

Ол да (жазылмаған заңсымақ...) басқа ұлт өкілдерінің салған ұсқынсыз, қажет емес қалдырған (жыл өтілімдері бойынша) жолдары.

Пістік, жетілдік, жоғарыда жазылғандардың екеуін де бастан өткеріп,  түк болмағандай шыңдалып оралдық. Әскери борышты өтеп келгендерге сұлу бойжеткендердің көзқарастары айтары жоқ өзгеше болды. Мақтан еттік.

Жалпы әскери антқа адал болдым. 1987 жылдың 11 мамырында жедел қызметтен оралып, сол жылдың кыркүйек айында институттағы оқуымды жалғастырдым.

1985-1987 жылдар аралығында Свердловск қаласы (Урал әскери аймағы) және Монғол Халық Республикасы (Байкалдан ары әскери аймағы) Дархан станциясында мерзімді қызмет, яғни, сарбаз болып жүргенімде өзіміздің мемлекетіміз тәуелсіздік алып, барлық әскер пәрмендер қазақ тілінде берілсе деп армандадым.

Асқақ арманым жеті жылдан кейін орындалып, 1994 жылы Жаркент қаласындағы әскери бөлімге өз еркіммен сол кездегі Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі Кеңес Одағының Батыры, тұңғыш Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмаганбетовтың бұйрығымен Сарыөзек дивизиясына жолама алып, Жаркент қаласындағы полкына, мотоатқыштар взводының командирі лауазымына тағайындалдым.

Міне, содан бері ҚР Қарулы Күштерінде бірталай жыл қызмет етіп, осы саламен өмірім біте қайнасты. Қазір көпті көріп, көңілге түйдік. ҚР Қарулы Күштерінің зейнеткері ретінде тағы да айтарым, жоғарыдағыдай Кеңес кезіндегі әскердегі жүйеден қазақ әскері түбегейлі арылуымыз қажет. Бізге өзіміздің қазақи, бауырмалдық, қасиетті қағидаларды калдыруды қадағалауымыз қажет. Сонда өркендеп өсеміз, тұрпайы көзқарастан айырыламыз. Ол тек өзіміздің қолымызда.

 

Запастағы подполковник Марат ТУРАБАЕВ, 

Тәжік-Ауған шекарасы жауынгерлік іс-қимылдарының ардагері

 

 

 

 

 

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22