Оқу-жаттығу сәтті өтті

Әскери-теңіз күштерінің жиын-жорығы барысында теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының жеке құрамы Каспий теңізінің жабдықталмаған жағалауына десант түсіру мен плацдармды басып алу операцияларын сәтті өткізді.

Админ

Оқу-жаттығу шартты қарсыластың десантқа қарсы қорғанысын бұзып өтуден басталды. Атысты қолдау кемелерінің тікелей артиллериялық соққылары тапсырманы орындауды едәуір жеңілдетті. «Қайсар» қайығымен жеткен десантшылар бірден жағалауды басып алуға кірісті.

Ұрыс барысында шабуылдау топтары қарсыластың атыс нүктелерін жойып, алғы шепке орнығып алды. Бұл тактикалық теңіз десантының негізгі күштерін түсіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Әскери қызметшілердің іс-әрекеті үйлесімділік пен үйлестірудің жоғары деңгейімен ерекшеленді. Бұл қойылған тапсырмаларды сәтті орындаудағы негізгі фактор болды.

Mи-8 көліктік-шабуылдау тікұшақтары десанттық топтарды шартты қарсыластың тылына жеткізу арқылы әуеден қолдау көрсетті. Жауынгерлік тікұшақтар жұбы қонуды қамтамасыз ету мен жердегі нысандарды жоюда маңызды рөл атқарды.

 – Жазғы кезеңдегі жоспарланған іс-шаралар толығымен аяқталды. Енді жеке құрам батальондық-тактикалық оқу-жаттығуларға және Қарулы Күштер Бас штабы комиссиясының қорытынды тексеруіне дайындалуда, - деп қорытындылады әскери-теңіз базасының командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы. 

Жүзден астам әскери қызметші қатысқан маневрлерге зымыран-артиллериялық кемелер мен қайықтарды, сондай-ақ көліктік және жауынгерлік тікұшақтарды қоса алғанда, оннан астам әскери және арнайы техника жұмылдырылды. Әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығының маңызды бөлігіне айналған оқу-жаттығу теңіз жаяу әскерлерінің нақты ұрыс жағдайындағы тапсырмаларды орындауға дайындығын дәлелдеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19