ЖАУЫНГЕРЛІК ТУМЕН ҚОШТАСУ

Шымкент әскери гарнизонында полковник Айтқожин Әмірқожа Қазбекұлы басшылық ететін 35748 әскери бөлімінде Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп, мерзімді  қызметін аяқтаған 164 сарбаздың жауынгерлік тумен қоштасу салтанаты болып өтті.

Админ

Сарбаздар арасында өткен бір жыл ішінде өзін әртүрлі жақсы қырынан көрсете білген жауынгерлер аз емес. Бірі жауынгерлік әзірлік пен жауынгерлік даярлықта, бірі білім мен әскери қызметте, тағы біреулері өздерінің өнерлері мен шығармашылықтарында өзгелерге өнеге бола білді.

Осы жылдың көктем-жаз айларында еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны болып, елді біраз әбігерге салғаны белгілі. Міне, осы қиын кезеңде тасқын судан зардап шеккен облыстарға сарбаздар да алғашқылардың қатарында көмекке барған болатын. Жауынгерлік тумен қоштасу салтанатында бірқатар сарбаздар Қорғаныс Министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың атынан қол сағаттарымен марапатталса, қалған сарбаздарға мадақтама қағаздары табысталды. Оған қоса көптеген жастар отставкадағы полковник Серікбай Онбаев басқаратын Шымкент Ардагерлер қоғамдық коалиция төрағаларының арнайы марапаттарын иеленді.

  Трибунада сөз алған бөлім басшылығы мен ардагерлер: «Ақ жол, айналайындар, сіздердің 12 айлық мерзімді қызметтеріңізге алғысымыз шексіз!» деген ақ батасын берді.

 

Марат ЖҮНІС-БЕК

 

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

Кеше, 11:12
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28