Ердің еңбегі еленді

Шырайлы Шымкент өңірінде өмірі өнегеге айналған ардагерлеріміз аз емес. Солардың қатарында «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалының төрағасы, қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкері, осындағы «Ардагерлер» қоғамдық бірлестіктері коалициясының төрағасы отставкадағы полковник Онбаев Серікбай Мейірбайұлы да бар.

Админ

Таңның атысынан кештің батысына дейін күніне кемінде төрт-бес, тіпті кейде сегіз-тоғыз әскери-патриоттық іс-шараның ұйымдастырылып өтуіне атсалысып жүрген қарт сардар туралы айтылар әңгіме де, жазылар туындыларымыз да көптік етпейді. Жерлестері мен елдестері ол туралы әрдайым мақтанышпен айтады. Оған ардагердің «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атануы нақты дәлел болғандай.

Таяуда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қазыналы қариямызға сонау Астанадан келген Қазақстан Ардагерлер ұйымының «Құрмет белгісі»  төсбелгісін табыстады. Республика көлемінде ең үздік танылған ардагерлер ғана марапатталатын бұл құрметке отставкадағы полковник С.Онбаев өңірдегі күштің құрылымдар ардагерлері арасында бірінші болып иеленіп отыр. 

         Айта кетейік, қарт сардар Серікбай Мейірбайұлы күллі саналы ғұмырын әскери қызметке арнаған жан. Бұл салада  көптеген жауапты лауазымдарды атқарған әрі зейнеткерлікке шыққаннан кейін де тыным таппай, өскелең ұрпағымызды қасиетті Отанымызды, жерімізді қастерлеуге үйретіп, оларға әскери-патриоттық тәрбие беруде қаншама жылдар бойы аянбай еңбек етіп келе жатыр. Бұл күнде жасы 72-ден асса да әскери формасын шешпеді, қызметтен қол үзген емес. Отан қорғаушылар сапындағы қызметін жоғары жауапкершілікпен абыройлы жалғастырып келеді.

         Кезінде Сталиннің өзі Кеңес Одағының батыры, гвардия генерал-майоры Сабыр Рахымов атамызды «Темір генерал» деп атаған екен. Ал шымкенттіктер Серікбай Мейірбайұлын «Темір полковник» деп әзілдейді. Әзіл болса да, лайықты теңеу деп білеміз.

     Сөз соңында, Қорғаныс министрлігінің республикалық әскери-патриоттық басылымы «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналының оқырмандарының атынан ардагер ағамызды жаңа марапатымен құттықтаймыз. Ел үшін атқарып жүрген еңбектері еселене берсін деген тілектеміз.

 

Марат ЖҮНІС-БЕК

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30