Әскерилердің әйелдерімен кездесу

Абай гарнизонындағы 44736 әскери бөлімінің қолбасшылығы әскери қызметшілердің жұбайларымен жүздесті. 

Админ

Бөлім командирі подполковник Талап Бирбаланов әскерилердің отбасыларымен жүргізілген жұмыстарға тоқтала келе, жеке құрамның моралды-психологиялық жағдайының жақсы, әскери тәртіптің барысы жүктелген тапсырмалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтып өтті. ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілерге берілетін қаржылай сыйақыға, жол ақысына, коммуналдық қызметке қатысты алдағы өзгерістерді жеткізді. Жиналыстың басты тақырыбы БҰҰ-ның миссиясын орындап жүрген әскери қызметшілерге ақшалай қаражат төлеу жайында болды. Бөлім командирі халықаралық стандарттарды, БҰҰ төлейтін ай сайынғы ақшалай қаражаттың төлем ережелері туралы жан-жақты түсіндірді. Еске сала кетсек, Қазақстанның алғашқы дербес ұлттық бітімгершілік контингентінің құрамында «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясын 44736 әскери бөлімінің әскерилері де орындап жүр. Олар БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 1974 жылдың 31 мамырындағы №350-ші резолюциясы негізінде құрылған БҰҰ бөлінуді бақылау күштері миссиясы қолбасшылығының резервінде. 2024 жылдың 15 наурызынан басталған миссия 2025 жылдың 15 наурызына дейін созылады. Бөлімнің әскери қызметшілері бұған дейін БҰҰ Ливандағы миссиясына да қатысқан.

   Кездесуде әскери қызметшілердің санаториялық-курорттық емделуі, балалардың оқу-сауықтыру лагерьлері, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері де талқыланды. Әскерилер әйелдерінің жеке өтініштері мен тілектері де назардан тыс қалмады. Бөлім басшылығы қойылған сауалдарды мұқият тыңдап, әрқайсысына тұшымды жауабын айтты. Жұбайлардың алдында әскери бөлім командирінің орынбасарлары, заң қызметінің және қаржы қызметінің бастықтары, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімі бастығының (әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі) көмекшісі өз саласы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.


Алуа Искакова

Суреттерді түсірген автор

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22