Қарулы күштердің екі мыңнан астам сарбазы марапатталды

Қорғаныс министрлігі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан мерзімді әскери қызметшілерді Қорғаныс министрінің атынан бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Админ

– Көктемгі су тасқыны кезіндегі ең ауыр жүк елді мекендердің айналасын күшейткен, қолдан бөгеттер салған, гуманитарлық көмекті түсірумен айналысқан мерзімді қызмет сарбаздарының иығына түсті. Ел үшін қиын сағатта әскер халықпен бірге болды. Сондықтан сыйға тартылған сағаттар запасқа шығарылған әскери қызметшілерге сол қиын кезеңді, армияның күнделікті өмірін, командирлері мен әріптестерін еске салады, – деді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев.     

       Арнайы тапсырыс бойынша дайындалған қол сағаттарды тапсыру Қарулы күштердің барлық түрлерінде және әскер тектерінде салтанатты жиналыстарда, бөлімнің Жауынгерлік туымен қоштасу рәсімдерінде өтіп жатыр. Мұндай шараларға Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаз аналары комитетінің өкілдері, ата-аналар, әскерге шақырылғанға дейінгі жастар және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері қатысу үстінде.

             Ақтауда Атырау облысында су тасқыны салдарын жоюға қатысқан 300-ден аса сарбаз Қорғаныс министрінің атынан қол сағаттарымен марапатталды.  Ақтөбе гарнизоны 30238 әскери бөлімінің 200-ден астам әскери қызметшісі де естелік сыйлықтар алды. Осындай шаралар барлық өңірлерде ұйымдастырылып жатыр

__Последние новости

  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

Кеше, 14:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03