Тау дайындығы және терроризмге қарсы бірлескен оқу-жаттығу

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінен құралған Қазақстанның біріккен ротасы жыл сайынғы оқу-жаттығуға қатысу үшін Үндістанға келді.

Админ

Үндістанның солтүстік бөлігіндегі Аули қаласын маңындағы «Сурья» оқу-жаттығу орталығында оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті. 

Оқу-жаттығуға қатысушыларды  қазақстандық әскери қызметшілер атынан «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы полковник Нұрлан Кәрібаев құттықтады. Ол алдағы күндер жауынгерлік дайындық тұрғысынан қарқынды болатын және екі ел әскери қызметшілері өз тәжірибелерімен бөлісетінін атап өтті.

Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері тау даярлығы шеңберіндегі бірлескен жұмыстар мен терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша практикалық сабақтарға қатысады. Десант түсіру кезінде қазақстандық десантшылар үнділік әріптестерімен бірлесіп, таулы жерде парашютпен секіреді. 

– Күнделікті қызметі тау даярлығынан тұратын әскери қызметшілер үшін оқу-жаттығуға қатысу жауынгерлік дағдыларды арттыруға едәуір ықпал етеді, – деп атап өтті Қазақстан контингентінің командирі подполковник Арман Сабыров. 

Алғаш рет қазақстандық және үнділік әскери қызметшілердің бірлескен оқу-жаттығуы 2018 жылы өткен болатын. Содан бері аталған жаттығу екі елдің полигондарында кезекпен өткізіліп келеді.

– «ҚазҮнд» оқу-жаттығуын өткізу Үндістан мен Қазақстан Қарулы күштері арасындағы берік байланыс пен достықты көрсетеді, – деп атап өтті Үндістан контингентінің командирі полковник Яогеш Упадхай. – Оқу-жаттығу аймақтағы тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін маңызды әрі біз оның қауіпсіздігімізге ықпал ететініне сенімдіміз.

«ҚазҮнд-2024» бірлескен тактикалық оқу-жаттығуы Қазақстан мен Үндістан Қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02