Ашық есік күні

Админ

Аягөз гарнизонындағы 10810 әскери бөлімінде мектеп оқушылары үшін «Әскер балалардың көзімен» тақырыбында Ашық есік күні ұйымдастырылды.

   Еліміз Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру, әскери мамандықты көпшілікке танымал ету және жас патриоттарды тәрбиелеу мақсатындағы  шараға қаладағы №4 жалпы орта білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушылары келді. Олар әскери техникалар мұражайында болды. Офицерлер мен сержанттардың түрлі қару түрлерімен, ұрысты жүргізуге арналған құрылғылармен таныстырған сабақтарына қатысты. Әскери киім үлгілерін көріп, қару-жарақ түрлерін де қолдарымен ұстап көрді. Әскери бөлімнің тәрбиеші-офицерлері әскери қызмет пен әскери тәртіп, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау тәртібі туралы әңгімелеп берді.

   «Жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Олардың бойына әскери-патриоттық тәрбиені сіңіру үшін осындай шаралардың маңызы зор. Негізі қалалық білім беру ұйымдарының сұрауымен Ашық есік күні жиі өткізіліп тұрады», - деді 10810 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бақыт Қашқынбаев. Ол болашақ Отан қорғаушыларды алға қойған мақсатқа әрдайым қол жеткізуге, оқуда және спортта жеңіске жетуге, салауатты өмір салтын ұстанып, елдің бетке ұстар азаматы болуға шақырды.

   «Әскер балалардың көзімен» тақырыбындағы Ашық есік күні соңында мұғалімдер мен оқушылар әскери қызметшілерге алғыстарын айтты.

 
Алуа Искакова

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02