Астаналық жастар әскерге аттанды

Админ

1200-ге жуық астаналық Қазақстан әскерінің қатарын толықтырады. Астана қаласының Жастар сарайында күзгі әскерге шақыру науқанында Отан қорғауға келген азаматтарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.  Алғашқы лек Шекара қызметіне аттанды.

Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы полковник Фархат Құрманғажинов, ҰҚК Шекара қызметінің ардагерлері, жас сарбаздықтар мен әскерге шақырылғандардың ата-аналары қатысты.

Осы жылдың күзінде елордадан 1200-ге жуық азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр.

Қарулы Күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы әскер қатарына жаңа алынғандарға арнаған сөзінде мерзімді қызметті өткеру кезінде жігіттер қару-жарақ пен әскери техниканы басқару машығын үйреніп қана қоймай, шынығып, шымыр болатынын атап өтті. 

– Азаматтың әскери қызмет өткеруі міндеті ғана емес, қасиетті борышы, - деді полковник Фархат Құрманғажинов. – Әскерге алынған әрбір жауынгер Отанды қорғауы өз үйін, туыстары мен жақындарын қорғауы екенін түсінуі керек. 

Елорда әкімінің орынбасары жиналғандарды айтулы оқиғамен құттықтап, әскер сапын толықтырғандар үшін бұл күн өмір бойы есте қалатын ерекше салтанатты күн екенін алға тартты. 

Іс-шара барысында жас сарбаздықтар шекарашылардың қызметіне арналған көрмемен танысып, олардың күнделікті өмірі туралы бейнероликтерді тамашалады. Ал «Батырлар» әскери-патриоттық орталығының тәрбиеленушілері іс-шараға қатысушыларға қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті. Шығарып салу рәсімі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ансамблі дайындаған концертке ұласты.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30