Халық қаҺарманы Сәт Тоқпақбаевқа арналды

Админ

Алматыда мемлекет қайраткері, экс-қорғаныс министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы генерал-полковник Сәт Тоқпақбаевтың 85 жылдық мерейтойына орай спорттық жарыстар өтті. 

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде Халық қаһарманы генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев, Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы Ербол Құмарбекұлы, мемлекет қайраткері Алик Шпекбаев және басқа да күш құрылымдарының ардагерлері сөз сөйледі. 

Қорғаныс, төтенше жағдайлар министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Шекара қызметінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның академиясының 130 әскери қызметшісі шахмат, үстел теннисі және волейболдан өткен жарыстарда бағын сынады. 

Шахмат біріншілігінде ҰҚК академиясының зияткерлері жеңіске жетсе, екінші орынды ТЖМ командасы, үшінші орынды Қорғаныс министрлігі иеленді. Шахмат партиясын мерейтой иесі Сәт Тоқпақбаевтың өзі де ойнады.   

Үстел теннисінде Қорғаныс министрлігінің спортшыларына ешкім тең келмеді. Екінші орын ТЖМ теннисшілеріне, үшінші орын ҰҚК академиясына берілді.

Волейболдан жарыста ҰҚК Шекара қызметінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынды ҰҚК академиясының құрамасы, үшінші орынды Ұлттық ұланның волейболшылары еншіледі. 

Жеңімпаз командалар Орталық спорт клубының кубоктары және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирде қазылық еткені үшін шахмат федерациясының төрешілеріне де алғыс хаттар берілді.

__Последние новости

  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

Бүгін, 15:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03