Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

Админ

Отбасы – адам өмірінің басты байлығы. Әр адамның жанұя құрып, ұрпақ өрбітуі – басты мақсаты. Сондықтан отбасы құндылықтары әрқашан бірінші орынға қойылады. Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтіледі. Абай гарнизонында осы мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар өткізілді.

         Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бастамасымен өткізілген шаралар алдымен әскери қызметшілердің отбасыларына арналды. Атап айтқанда, Отбасы күніне орай әскери бөлімдерде тренингтер мен түрлі тақырыптарда дәрістер жүргізіліп, ата-ана жауапкершілігі, ұрпақ денсаулығы мен тәрбиесі насихатталды. Шаралар аясында отбасын құру мен жастардың жар таңдаудағы жауапкершілігі сынды мәселелер де сөз болды.

         Отбасы күніне арналған шаралар аясында «Жақсы әке болудың бес қағидасы» тақырыбында әдістемелік сабақ өткізілді. Әдістемелік сабақ аясында үлгілі отбасылармен кездесу өтіп, шақырылған үш отбасы көрермендерге отбасы құндылықтары жайлы сыр шертті. Ұйымдастырушылардың дайындаған түрлі сайыстарына қатысты.

         Кездесуге Гарнизондық офицерлер үйінде 35 жыл өнерде де, өмірде де бірге жүрген Кунафиндер отбасы, көпбалалы отбасы, облыстық «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының 3 орын иегері сержант Нұрахметовтің және жас жанұя ефрейтор Оразбековтың отбасы қатысты.

         Сабаққа қатысқан отбасылар бір шаңырақ астында шағын мемлекет құрудың, бүтін, бақытты отбасы болудың ерекшеліктері, қиыншылықтары жайында әңгіме өрбітті. Қатысушылар өнегелі отбасылардан үлгі алып, ата-ана қадірін, жанұя құндылықтарын түсінді.

         – Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да, отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды, - дейді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Ақмарал Ахметжанова.

Отбасы күні аясындағы шаралар қорытындысы ретінде әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің бірыңғай онлайн түрінде жиын өткізілді.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53