Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

Админ

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі. Отбасы институтын сақтау және нығайту мәселесі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады.

         Елімізде отбасы институтын нығайту, қорғау, оны зияткерлік, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамытуға жағдай жасау үшін заңнамалық және институционалдық мүмкіндіктерді кеңейту жөнінде шаралар қабылдануда.

         Отбасы күнін кеңінен атап өту отбасы мен некені дәріптеуге, отбасы құндылықтарын насихаттауға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, балалардың қарт ата-аналарына қамқорлық көрсетуіне, жинақталған тәжірибені жастарға ұсынуға бағытталуы керек.

         Осы ретте, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде отбасы құндылығын дәріптеу, оны қорғау, бала құқығы мен заңды мүддесін қорғау, отбасының әлеуметтік осал санаттарын қолдау жөніндегі заңнамалық мүмкіндіктерді кеңейту, мемлекет қабылдайтын шаралар кешені туралы халықты кеңінен хабардар етуге бағытталған ауқымды ақпараттық науқан жүргізіледі.

         Қойылған міндеттерді орындауға осы салада жұмыс істейтін мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, азаматтық белсенділердің, блогерлердің барлық ресурсы жұмылдырылуға тиіс. Іс-шараларды өткізу барысында отбасы институтының сақтаушысы саналатын әрі жасөспірімдер мен жастар ортасында рухани-адамгершілік құндылықтарды жан-жақты дәріптеп жүрген Әкелер, Аналар, Ақсақалдар кеңестерін кеңінен тартқан жөн.

         65476 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында отбасы құндылығын насихаттауға бағытталған дәрістерді, сондай-ақ тақырыптық кездесулер жүргізілді.

         Психологтардың зерттеуінше, жастарымыз, өскелең ұрпақ, оқушыларымыз ұлы тұлға болып қалыптасуы үшін ең алдымен соларға еліктеуден, ұқсаудан бастайды екен. Соларды өздеріне идеал тұтуы керек. Ал олай болса, жас өскелең ұрпақ осы ұлылардан, бабаларымыздан үлгі алуы үшін біз не істеуіміз керек?

           Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу. Жастардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін қорғай білуге тәрбиелеу.       

         «Отан отбасынан басталады» деген ғой атам қазақ. Сондықтан тәлім-тәрбиені өз отбасымнан бастайын деген ниетпен ұлымды, яғни №3 орта мектебінің 8 «Д» оқушысы Мұса Балжігіт Болатұлын 65476 әскери бөлімге арнайы алып келіп, Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаев аталарымыздың құрметіне жасалған көрменің жанына фотаға түсірдім. Мұндағы мақсат – санасына ұлы тұлғалардың ұлағатты істерін құю болды.

        

Алмагүл Мусина,

65476 әскери бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту бойынша маман

__Последние новости

  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

Бүгін, 15:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03