Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ғимараты пайдалануға берді

Админ
Үштөбе қаласында Қаратал ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жаңартылған ғимараты пайдалануға берілді.

         Салтанатты шараға Қаратал ауданының әкімі Ұлан Досымбеков, Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы, жергілікті гарнизонның әскери қызметшілері мен Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.

         Ғимаратқа жөндеу жұмыстары 2023 жылдың күзінде басталып, биыл тамыз айында толығымен аяқталды. Мекеменің бірінші қабатында шақыру пункті, медициналық комиссия кабинеттері орналасқан. Мұнда әскерге шақырылушыларға арналған казарма түріндегі жатын орын және ас бөлмесі бар. Екінші қабатта жинау пункті орын тепті.

         – Мемлекет елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін жағдай жасап жатыр. Әкімдіктер мен жергілікті әскери басқару органдары жұмылдыру резервін дайындау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Осы жерден жергілікті жастар Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу үшін әскерге жіберіледі. Осындай маңызды іске елеулі үлес қосқан облыс әкімдігіне алғыс айтамын, - деді Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы.

         Іс-шара барысында полковник Ербол Құмарбекұлы аудан әкіміне Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгіні табыс етті.

         Аудан басшысы да өз кезегінде әскери қызметшілерді жаңартылған ғимараттың ашылуымен құттықтап, әскерге алынғандарға қызмет етуде сәттілік тіледі.

         – Ұлым Айбек ертең осы жерден әскер қатарына жіберіледі. Жинау пунктінде жақсы жағдай жасалыпты, барлық жерде әскердегідей тазалық пен тәртіп бар. Балаларымыз абыроймен азаматтық борышын өтеп, аман-есен оралсын, - деді әскерге шақырылушының әкесі Әлібек Жуанбаев.

 

__Последние новости

  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

Бүгін, 15:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03