ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІСКЕ БЕТ БҰРДЫ

Елімізде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Админ

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және  көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету, киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарлары және т.б. жетіспеуіне байланысты  және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауына жол бермеу үшін қолдау көрсету.

Осы орайда 53975 әскери бөлімі жылда «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған.  Акция барысында  бөлімде жиын болып, жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға қол ұшын беруді  көздедік. Биылғы  қайырымдылық акциясында  4 отбасы қамтылды. Екі отбасы – жалғызбасты аналар, біреуі көпбалалы отбасы, енді бір отбасы әскери қызметшінің қамқорындағы  бауырлары болды. Әрбір балаға спорттық киімдер мен кеңсе тауарлары және сөмкелер сыйға тартылды. Көмек алған отбасылардың бөлімнің ұжымына деген алғыстары шексіз.

             Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан игі істеріміз өз кезегін тауып, жалғаса беруіне әрқашан өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

 

 

Азаматтық персонал   Ж.КӘКІМЖАНОВА

 

 

 

 

 

 

 

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02