ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДІҢ АЛҒАШЫ ҚОҢЫРАУЫ

Админ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Сабыр Рақымов атындағы Әскери колледжінде "Білім күні" салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде аталып өтті.

  Іс-шарада  40 жылдық тарихы бар бұрынғы республикалық “Жас ұлан” мектебінің базасында құрылған Әскери колледждің алғашқы бастығы полковник Ахшалов Мақсат Есалыұлы құттықтау сөз сөйлеп,  қонақтарды, жеке құрамды Білім күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Биыл  атаулы білім ордасы алғашқы тәрбиеленушілерін қабылдады. Олар ендігі жерде үш жыл оқып, арнайы мамандық алып шығатын болады.

Салтанатты жиынға "Қарулы Күштер ардагерлері" РҚБ Орталық Кеңесі төрағасының орынбасары, әрі Шымкент қалалық филиалының және өңір ардагерлері Қоғамдық бірлестіктер коалициясының төрағасы отставкадағы полковник Онбаев Серікбай Мейірбайұлы,  "Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектері Кеңесі" РҚБ қалалық  филиалының төрағасы Рысбеков Серғали Ешімханұлы, "Желтоқсан ақиқаты" РҚБ қалалық филиалының төрағасы    Оспанова Гүлмира Болатқызы, желтоқсан оқиғасының ардагері Толықбек Гүлсім Аманқызы, "Таулы Қарабақ ардагерлері және мүгедектерінің Республикалық Одағы" РҚБ қалалық филиалының төрағасы Аманбаев Мұрат Төленбайұлы, "Семей-сынақ" ҚБ төрағасының орынбасары Қарабеков Өмірхан, "Чернобыль апаты" ҚБ ардагерлері, Әл-Фараби және Абай аудандары Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар өкілдері, ата-аналар және  қонақтар қатысып, болашақ Отан қорғаушыларына деген құттықтау тілектерін жеткізді.

Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты. Әрі қарай әскери колледж кураторлары мен взвод командирлері "Адал адам. Адал еңбек. Адал табыс!" тақырыбында кураторлық сағаттарын және құрметті қонақтармен бірлесе отырып, ұландардың оқу топтарында патриоттық тәрбие беру мақсатында "Менің Қазақстаным" деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізді.

 

                                                        Марат ЖҮНІС-БЕК

 

 

 

 

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30