Кезекті Жолдауда келелі мәселелер қозғалды

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің жылдағы жолдауын тікелей эфирде тамашалады.

Админ

         2024 жылдың 2 қыркүйегі күні «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің сарбаздары мен әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей эфирде көрсетілген Жолдауын көрді.

Президент Жолдауында сарбаздардың қауіпсіздігін түгелдей қамтамасыз ету және олардың өз міндеттерін орындауы үшін жағдай жасау әскер басшылығының жауапкершілігінде екенін айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштерде сарбаздар өз Отанына лайықты қызмет етуі үшін заң мен тәртіпті қатаң сақтау қажеттігіне мән берді.

«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», – деп нақтылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

– Әскери қызметшілер тікелей эфирде жолдауды көріп, үкіметпен қойылған басты талаптар мен міндеттермен танысудағы қадам. Жыл сайынғы жолдау әскери қызметшілердің елдің қоғамдық-саяси өміріне етене араласуының жоғары деңгейін және мемлекеттік қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде әскери қызметтің маңыздылығын көрсетеді, - деп атап өтті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев.

Тікелей эфир аяқталған соң командирлер жеке құрамға жолдаудың негізгі талаптарын талқылап,  тезистерін түсіндірді. Қарулы күштердің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне басты назар аударылды.

 

 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

__Последние новости

  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

Бүгін, 15:28
Админ
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03