Сталиннің саяжайы сатылымға шығарылды

Бұл туралы Ресейдің мемлекеттік компания сайтында жарияланды

Нұрдәулет Кәкіш

1930 жылдары Сталиннің саяжайы болған Мәскеу облысы Мытища ауданындағы «Липка» үйі дом.рф сайтындағы сауда тізімінде пайда болды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Мәскеу облысы, Мытищинский ауданы, Вешки үйі, «Липка үйі, XIX ғ.» лоттың жалпы ауданы – 38,4 га. Нысанды жүзеге асыру түрі – ғимаратты сату және жер учаскесін жалға беру. Санат – ерекше қорғалатын аумақтар мен нысандар», - делінген платформадағы лоттың сипаттамасында.

Қазір нысан сауда-саттықтан әрі қарай сату үшін қажетті құжаттарды дайындау сатысында тұр. Сатылым 2023 жылдың төртінші тоқсанында өтеді деп күтілуде. Бастапқы баға әлі анықталмаған. «Ведомости» басылымының мәліметінше, нысан 400-500 млн рубльге бағаланады.

«Липка» – РФ Мәскеу облысы Мытища ауданындағы Вешки кентінің батысында саябақпен қоршалған әкімшілік ғимараттар кешені. Бұл 1989 жылға дейінгі үкіметтік саяжай болған. «Ведомости» басылымының дерегінше, 1932-1934 жылдары Иосиф Сталин осы жерде тұрған.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19