Израиль БҰҰ-ның 200-ге жуық қызметкерін өлтірді – Reuters

Қазір Израиль танктері Рафах қаласының оңтүстік бөлігіне қарай жылжып барады

Админ

Израиль әуе күштері Газадағы колледждердің біріне жасаған шабуылынан сегіз палестиналық қаза тапты. БҰҰ-ның Палестиналық босқындар жөніндегі агенттігі (UNRWA) ғимаратты гуманитарлық көмек тарату үшін пайдаланды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазір Израиль танктері Рафах қаласының оңтүстік бөлігіне қарай жылжып барады.

«Бірі талон алуға келсе, енді бірі үйін тастап, осы жерден пана тапты. Тағы біреуі су алып, қалғандары талон алып жатқан. Кенет бірдеңе құлағанын естіп, біз жүгіріп шықтық», - дейді куәгерлердің бірі Мұхаммед Тафеш.

Израиль әскерилері осыған дейін UNRWA штаб-пәтері болған бұл жерді ХАМАС пайдаланғанын айтты. Әскерилер бейбіт тұрғындардың өлім қаупін азайту үшін сақтық шаралары қабылданғанын жеткізді.

Ал ХАМАС Израильдің азаматтық нысандарды әскери мақсатта пайдаланады деген айыптауларын жоққа шығарады.

UNRWA-ның коммуникациялар жөніндегі директоры Джульетта Тума агенттік қосымша ақпарат бермес бұрын оқиға тексеріп жатқанын айтты.

«Соғыс басталғаннан бері 190-ға жуық ғимаратқа зақым келгенін анықтадық. Бұл – Газадағы ғимараттардың басым бөлігі. Израиль агрессиясы UNRWA-ның 193 қызметкерін өлтірді», - деді ол.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52