«Өзеннің жанында демалмақ болған»: Түркістан облысында суға кеткен 10 адамның мәйіті табылды

Тағы бір адамның денесін іздеу жұмысы жүріп жатыр

Түркістан облысында суға кеткен 11 адамның оныншысының мәйіті табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Otyrar басылымының мәліметіне сүйенсек, суға кеткен оныншы адамның денесін құтқарушылар тапқан.

«Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ол қыз бала болса керек. Қазір соңғы құрбанды іздеу жұмыстары жүріп жатыр», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімдігі қайғылы оқиғаның мән-жайын айтқан болатын.

«Туыстар тойдан кейін келе жатып, өзеннің жанында демалмақ болған. Яғни, жай ғана аяқ суытпақ болып тоқтаған. Суға түсу жоспарда болмаған, оның үстіне ол суға түсетін жер емес екенін, тек балық аулайтын орын екенін білген. Алайда баланың жан даусы шыққанын естіп бәрі көмекке тұра ұмтылған. Баланың аяғы тайып, суға құлап кеткен деген болжам бар. Ал ол жер батпақты, суы лай тұс. Бірін-бірі құтқармақ болып бәрі суға лап қойған сияқты», - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Суға кеткендердің мәйітін іздеуге Түркістан облысының ғана емес, Шымкент қаласының да Төтенше жағдайлар департаменті жұмылдырылды.

Еске салайық, 21 тамызда Сырдария өзенінде 11 адам суға батып кеткен болатын. Олардың барлығы бір әулеттің өкілдері деген ақпарат айтылды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19