Зеленский: Ресей маусым айында Украинаға 2400 әуе бомбасын тастады

Владимир Зеленский 22 маусымда Ресейдің Харьковке жасаған шабуылдарына байланысты азаматтарға үндеу жасады

Аян Кайырбаев

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі, 22 маусымда Ресейдің Харьковке үш адам қаза тауып, 40-тан астам адам жарақат алған соққыларына байланысты ел азаматтарына үндеу айтты. Зеленскийдің айтуынша, Ресей әскерлері маусым айында Украинада 2400-ден астам реттелетін әуе бомбасын (ҚАБ) қолданған, оның 700-ге жуығы Харьков облысында, күн сайын соққылар жасалады, деп хабарлайды Sarbaz.kz DW-ге сілтеме жасап.

Украина билігі ресейлік шабуылдарға «жауап беру үшін бар күшімен жұмыс істеуде» деді Зеленский.

Украинаға бұл бомбаларды тасымалдаушыларды, атап айтқанда, олар орналасқан ресейлік әскери ұшақтарды жою үшін қажетті құралдар қажет, – деп түсіндірді Украина басшысы.

Осыған байланысты Зеленский Ресей аумағындағы әскери нысандарға шабуыл жасауға тыйымды алып тастаған АҚШ пен Батыс одақтастарына алғыс айтты. Зеленскийдің айтуынша, бұл шешім Харьков облысымен шекарадағы жағдайды «тұрақтандыруға» көмектесті.

Зеленский Украина қалаларын ресейлік бомбалардан қорғау «мүмкін» деп қосты. Бұл үшін Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, украин ұшқыштарын F-16 жойғыштарын басқаруға үйретудің жеделдетілген қарқыны, сондай-ақ «қару-жарақтың жеткілікті ауқымы» қажет.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02