Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұзақ мерзімге сотталды – ҰҚК

Олар есірткі контрабандасын ұйымдастырған

Админ

Қазақстан азаматы мен екі шетелдікке қатысты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі күшіне енді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олар Қылмыстық кодекстің 264-бабының 1-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құру»), 286-бабының 4-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамындағы контрабанда») және 297-бабының 4-бөлігі («трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында есірткі өткізу») бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға кесілді.

«Тергеу мен сот барысында аталған адамдар Қазақстан аумағында ауыр есірткі контрабандасы мен тасымалдауды ұйымдастыруға тырысқан трансұлттық қылмыстық топтың мүшелері екендігі дәлелденді.

Топқа қатысушылар 2023 жылғы тамызда ҰҚК жедел қызметкерлерімен прокуратура органдарының үйлестіруі және құзыретті органдарымен өзара әрекеттестікте ұсталды.

Тінту барысында олардан 1 кг-нан астам героин, 2 кг апиын, сондай-ақ 4 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02