«Жағдайы ауыр»: Қорғаныс министрлігі ауруханаға түскен сарбаз туралы айтты

Әскери қызметші емдеу мекемесіне түскен кезде оның денесінен көгерген немесе зақымдану іздері табылған жоқ

Аян Кайырбаев

Қорғаныс министрлігі Гвардейск гарнизонының әскери қызметшігі қатысты ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Гвардейск гарнизонының әскери қызметшісін емдеу мекемесіне жатқызудың себебі туралы шындыққа сай келмейтін ақпарат тарауда. 

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі бастапқыда әскери қызметші медициналық бөлімге өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілгені туралы шағымдармен жүгінгенін хабарлайды.

Медициналық тексерістен кейін ол Гвардейск гарнизонындағы әскери госпитальдің жұқпалы аурулар бөліміне жеткізіліп, әскери қызметшіге екі жақты полисегментті пневмония диагнозы қойылды. Бұдан кейін ол шұғыл түрде Жамбыл облысы Қордай ауданының орталық ауруханасына ауыстырылды. Бүгінгі күні науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сонымен бірге онда Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің құрамына анестезиолог, реаниматолог және терапевт дәрігерлер кіретін көшпелі бригадасы жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, әскери қызметші емдеу мекемесіне түскен кезде оның денесінен көгерген немесе зақымдану іздері табылған жоқ. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, – делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19