Франциялық Mirage-2000 деген қандай ұшақ?

Париж Украинаға Mirage-2000 шабуылдаушы ұшағын беруге және олар үшін ұшқыштарды дайындауға уәде берді

Аян Кайырбаев

Франция президенті Эммануэль Макрон 6 маусымда Париждің Мираж-2000 шабуылдаушы ұшақтардың партиясын Украина Қарулы Күштеріне беру жоспарын жариялады. DW бұл ұшақтың қандай қасиеті бар екенін және оның Украина Қарулы Күштерінің соққы жасау қуатын қалай арттыруға қабілетті екенін қарастырып көрді.

Негізгі фактор – ұшқыштарды оқыту уақыты, сондықтан біз президент Зеленскийге ұшқыштар осы жазда оқудан өтуді ұсынбақпыз. Әдетте бұл 5-6 айға созылады, сондықтан жыл соңына дейін олар осы ұшақтарды басқара алады, – деді ол. Макрон ұшақ саны туралы нақты айтпаса да, олардың Украинаға өз аумағы мен әуе кеңістігін қорғауға мүмкіндік беретінін баса айтты.

Биылғы жылдың басында Украина Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Николай Олещуктың соққы беру әлеуетін күшейту аясында Украина қорғаныс күштерін осы ұшақтармен жабдықтау мүмкіндігі туралы айтқаны маңызды. Шабуыл және қорғаныс әрекеттерін қамтамасыз ету үшін авиацияның орны бөлек. Олещук өзінің Telegram-арнасында Украина үшін басымдық F-16 жойғыш ұшағын иелену екенін атап өтті.

Алайда біздің мамандар жалпы авиацияның жауынгерлік әлеуетін арттырудың басқа да мүмкіндіктерін зерделеуде. Біз көп мақсатты ұшақтар, шабуылдаушы ұшақтар мен тікұшақтар бойынша серіктестердің көмегін жоққа шығармаймыз, – деп жазды ол сол кезде.

Ол кезде Украина Әскери-әуе күштері Кеңес Одағы шығарған жауынгерлік ұшақтардың төрт негізгі түрімен қаруланған болатын. Олещуктің айтуынша, оларды бірте-бірте батыстық технология алмастыру керек.

Әрине, біз кеңестік ұшақтарды пайдаланудан бірден бас тарта алмаймыз, сондықтан F-16-мен бірге МиГ-29, ал Су-24М-нің жауынгерлік мүмкіндіктерін Mirage-2000D, Су-25 шабуылдауышны A-10 Thunderbolt II қолдай түседі, – деген еді ол.

Defense News хабарлауынша, француз өндірушісі Dassault Aviation 600-ге жуық Mirage 2000 ұшағын шығарған, оның жартысы Греция, Біріккен Араб Әмірліктері және Тайвань сияқты 8 елге экспортталған.

Басылым авторлары түсіндіргендей, Mirage 2000-5 – жетілдірілген радармен жабдықталған осы жауынгерлік ұшақтың жаңартылған нұсқасы. Mirage 2000-нің бұл модификациясы «Mica» әуе-әуе зымырандарымен жабдықталуы мүмкін. Сонымен қатар Франция Украинаға жеткізетін SCALP-EG әуеден ұшырылатын қанатты зымырандардың тасымалдаушысы бола алатыны атап өтілген.

Ал Mirage 2000 ұшағының бұл қанатты зымырандармен теориялық тұрғыда жабдықталып қана қоймай, оларды сәтті пайдалана алатынын 2016 жылдың наурыз айында Франция Әскери-әуе күштерінің «Ислам мемлекеті» (ИМ) халықаралық лаңкестік тобына қарсы операциялары дәлелдеді. Содан кейін бірнеше Mirage 2000D модификациялық ұшағы осы қарулармен Ирак аймақтарының біріндегі ИМ командалық пунктіне шабуыл жасады. Ал мұндай үлгідегі Mirage 2000D зымырандары алғаш рет 2011 жылы Ливия диктаторы Каддафи әскерлеріне қарсы операциялар кезінде қолданылған, деп атап өтті француздық Opex360 мамандандырылған басылымы.

Естеріңізге сала кетейік, Украина дәл осындай қанатты зымырандарды тек «Storm Shadow» атауымен Ұлыбританиядан алады. Бұған қоса, осы жылдың сәуір айында Ұлыбританияның қорғаныс министрі Грант Шаппс Италияның да Украинаға осындай зымырандардың белгілі бір бөлігін беруді жоспарлағанын мойындады. Алайда ресми Рим британдық шенеуніктің бұл мәлімдемесіне қатысты Defence News журналистерінің тиісті сұрауына түсініктеме бермеді.

Осы уақытқа дейін 2023 жылдан бері Украина Қарулы Күштеріндегі Қырымды қоса алғанда, ресейліктер басып алған Украина аумақтарындағы бір емес бірнеше нысанаға сәтті соққы берген бұл зымырандардың жалғыз тасымалдаушысы әзірге кеңестік Су-24 ұшағы болып тұр.

Осылайша франциялық Mirage 2000-5 Украина Қарулы Күштерімен қызметке алынатын екінші Батыс ұшағы болмақ.

__Последние новости

  • Басты назарда

Ұландар антқа адал

Кеше, 15:50
Админ
  • Басты назарда

«Рейхстаг үстіндегі ту»

Кеше, 09:53
  • Басты назарда

АРДАГЕР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ЖҮЗДЕСУІ

23/10/2024 - 13:49
  • Басты назарда

ЕРЛІК САБАҒЫ ЕДІГЕЕВКЕ АРНАЛДЫ

22/10/2024 - 10:48
  • Басты назарда

Әскерге шақыру шарасы

19/10/2024 - 14:28
  • Басты назарда

Франция делегациясымен кездесті

19/10/2024 - 14:25
  • Басты назарда

Батырдың ерлігі баяндалды

17/10/2024 - 20:55
  • Басты назарда

«Хамкорлик-2024» бірлескен оқу-жаттығуы

17/10/2024 - 14:17
  • Басты назарда

Ердің еңбегі еленді

17/10/2024 - 13:04
  • Басты назарда

Инновация және үздік тәжірибелер

16/10/2024 - 14:02
  • Басты назарда

ӘКЕДЕН ҰЛАҒАТ, АНАДАН ҮЛГІ АЛҒАН

15/10/2024 - 13:01
  • Басты назарда

Оқу-жаттығу сәтті өтті

14/10/2024 - 17:20
  • Басты назарда

ЖАУЫНГЕРЛІК ТУМЕН ҚОШТАСУ

13/10/2024 - 23:19