Газадағы Филадельфия дәлізі толығымен Израиль бақылауына өтті

Газа секторы мен Мысыр арасындағы 20 шақырымдық шекараны Израиль әскерилері бақылауға алды

Аян Кайырбаев

Израиль әскері Филадельфия дәлізін толығымен басып алды, деп хабарлайды euronews.com

Газа секторы мен Мысыр арасындағы 20 шақырымдық шекара сызығын енді Израиль әскерилері бақылайды.

Танктер жаға сызығына ЦАХАЛ «стратегиялық маңызы бар шекара сызығын жедел бақылау» туралы хабарлағаннан кейін бір аптадан кейін жетті.

АҚШ болса Израильден Нусейраттағы UNRWA мектебіне жасалған әуе шабуылы туралы қосымша ақпарат сұрады. Бұған «35-тен 45-ке дейін бейбіт тұрғынның» қайтыс болғаны туралы хабар себеп болды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш «мектепке жасалған жантүршігерлік шабуылды» айыптап, ұйым нысандарына, соның ішінде қарулы қақтығыс кезінде де қол сұғылмау керектігін атап өтті.

Израиль армиясының хабарлауынша, Нусейратта 30-ға жуық ХАМАС содыры өлтірілген, олардың кейбірі 7 қазанда Израильге жасалған шабуылға қатысқан.

Израиль Министрлер кабинетінің ресми өкілі Дэвид Менсер Израиль армиясының нысанасы дәл «мектеп пен ондағы баспананы пайдаланбақ болған» содырлар екенін айтты.

АҚШ президенті Джо Байден жұма күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху оның Рафахтағы үлкен шабуылға қарсы ескертулеріне құлақ асқанын айтты. Израиль армиясы Газа секторының ауданында және басқа бөліктерінде «шектелген операцияны» жалғастыруда.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен дүйсенбі күні Тель-Авивке келіп, бітімге келуге және кепілге алынғандарды босатуға тырысады.

Шілде айының соңында Израиль үкіметінің басшысы АҚШ конгресінің бірлескен отырысында сөз сөйлейді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19