Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 114 млн доллар бөледі

Қаражат «Киевке халықаралық әскери көмек» қорының есебінен жұмсалған

Нұрдәулет Кәкіш

Британия Қорғаныс министрлігі «Киевке халықаралық әскери көмек» қорының қаражаты есебінен Украинаның әуе қорғанысын нығайту мақсатында 114 миллион долларлық үш келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Келісімдердің арасында норвегиялық Kongsberg қорғаныс компаниясымен әуе шабуылына қарсы іс-қимыл құралдарына арналған 72,1 миллион долларлық келісімшарт және әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарына арналған тағы екі келісімшарт бар», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Британия Қорғаныс министрлігінің дерегінше, CORTEX Typhon жүйелерін көлікке орнатуға және оның көмегімен дрондарды анықтауға, олардың ұшу бағытын бақылауға, жұмысын бұзуға және жоюға болады. Жүйелер дербес және желі құрамында жұмыс істей алады. Датчиктерден, камералардан, радарлардан және электронды барлау аппаратурасынан тұрады.

Қорғаныс министрлігі сонымен қатар Украинаға 100-ден аса барлау ұшқышсыз ұшақтың партиясы жөнелтілгенін, украин әскерилері оларды қолдануға дайындалып жатқанын мәлім етті.

Ведомствода халықаралық қор Даниядан, Исландиядан, Литвадан, Норвегиядан, Швециядан, Нидерландтан және Ұлыбританиядан шамамен 797 миллион долларға жуық қаржы жұмсалғанын еске салды. Сондай-ақ Британия Украинаға одан әрі әскери көмек көрсету үшін 2023 жылға 2,9 миллиард доллар бөлмек.

Маусымда белгілі болғандай, шілде айында Ұлыбритания басқаратын «Киевке халықаралық әскери көмек» қоры арқылы сатып алынған бірқатар еуропалық компаниялардың дрондары Украинаға жеткізіле бастайтыны хабарланған болатын.

Defence news хабарлауынша, бұл британдық Malloy Aeronautics компаниясының T150 квадрокоптерлері, DeltaQuad Pro VTOL голландиялық және даниялық Nordic Wing фирмасының Astero ISR дрондары туралы болуы мүмкін. Лиссабонда орналасқан Tekever компаниясы Defence news-ке оның Tekever AR3 аппараттары жөнілтілетінін растады.
 

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52