Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

Ол бүгінге дейін ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып келді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келді. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген.

2001-2003 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы; 2003 жылы – Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігінде үшінші хатшы; 2003-2007 жылы – Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы істеріне сенімді уәкіл, екінші хатшы; 2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы; 2007-2008 жылдары – сарапшы, ҚР Президенті хаттамаларының консультанты; 2008-2009 жылдары – ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары; 2009-2011 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; 2011 жылы – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы; 2013 жылы ҚР президентінің кеңесшісі; 2016 жылы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалды. 2019 жылдың 25 ақпанында Елбасының Жарлығымен қайта құрылған Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды 2020 жылдың 4 мамырында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. 2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды. 2023 жылдың 2 наурызында ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

Бүгін, 10:52
Админ
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13